2018 жылдың 25 шілдесінде Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің конференц залында «Қарағанды облысында электронды және электрлі жабдықтардыы экологиялық жою туралы» тақырыбында «дөңгелек стол» болып өтті, оның мақсаты пайдалануға жарамсыз болған электронды және электрлі жабдықтарды сұрыпталмаған қалдық төгу орындарына, яғни қоқыс контейнерлеріне тастауға тиым салынатыны жөніндегі экологиялық естиярлық деңгейін арттыру болып табылады. Бұған қоса, электронды және электрлі жабдықтардың құрамында кадьмий, сурьма, қорғасын, сынап сияқты, қоршаған ортаға ғана емес, адамның денсаулығына да теріс әсерін тигізетін қауіпті заттар мен қосылыстар бар екені аталып өтті. Адам ағзасына түскен бұл қауіпті қосылыстар мен заттар ұзақ уақыт сақталады да, ағзадағы бауырда, бүйректе, сүйектерде, қалқанша безінде жинақталып, онкологиялық аурулар тудырады. Лазерлі принтерлер химиялық құрамында көміртек полимерлері, темір тотығы, қалайы, органикалық және бейорганикалық қоспалар болатын тонерлермен жабдықталады, зерттеулердің көрсетуінше бұлар өз кезегінде бастың ауыруына, жөтелге, дене қызуының жоғарылауына, әлсіздіктің пайда болуына себеп болып табылады. Бұған қоса, бір ғана шынашақтай батарейканың дұрыс жойылмауы салдарынан 20 метр куб топырақ немесе 400 литрден астам ауыз су ластанады.
«Дөңгелек столдың» күн тәртібінде бірқатар мәселелер талқыланды, оның ішінде:
1.Қарағандылық компаниялардың қалдықтарды жою тәжірбиесін талқылау. Туындайтын мәселелер және оларды шешу жолдары.
2. Қарағанды облысындағы полигондардың жағдайы және қоршаған орта жағдайының сапасын жақсарту туралы мәселелерді енгізу мүмкіндіктері.
3. Сұрақтар және талқылау. «Электронды және электрлі жабдықты экологиялық жою туралы» жадынаманы тарату.
«Дөңгелек стол» тақырыбы бойынша отырыс баяндамаларын талқылауға қалдықтарды жою және зарарсыздандыру саласындағы «Чистый дом» фирмасы ЖШС, «Инновация» ЖШС, «ПромОтходКазахстан» ЖШС сияқты шағын және орта бизнес кәсіпорындарының басшылары, табиғат пайдаланушы кәсіпорындардың өкілдері және департамент мамандары қатысты.
Облыс кәсіпорындарындағы «Электронды және электрлі жабдықты экологиялық жою туралы» мәселелер қарастырылды. Бұған қоса, табиғат пайдаланушы барлық кәсіпорындардың электронды және электрлі жабдықтардың құрамында зиянды заттардың болуына байланысты, қоршаған орта мен адамдардың денсаулығына әсер ететін ықтимал зияндарды азайтуға бағытталған іс-шараларды сақтауына, бұл жабдықтардың қалдықтарын қайта өңдеу және жою үшін электронды және электрлі жабдықтардың қалдықтарын жинайтын қол жетімді жердегі пункттерді пайдалануға баса назар аудартылды. Қатысушыларға «Электронды және электрлі жабдықты экологиялық жою туралы» жадыгамалар таратылып берілді.