ҚР Энергетика министрлігінде Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының мәселелері талқыланды

ҚР Энергетика министрлігінде Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының мәселелері талқыланды

2018 жылдың 20 тамызында «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының» мәселелерін талқылау бойынша отырыс өткізілді.

 Аталған отырыста келесі сұрақтар талқыланды:        

 1. «Үздік тәжірибелер аймағы» павильонында «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығын» орналастыру;

2. Халықаралық «жасыл» технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының жұмыс істеуі үшін 2018 жылға және 2019-2021 жылдарға қаржыландыру;

3. Орталықтың жұмыс істеуі бойынша қолданыстағы заңнамаға толықтырулар мен өзгертулер енгізу.

Осы отырысқа Ұлттық экономика және қаржы министрліктерінің, «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ және Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының және ҚР Энергетика министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.