Алматы облысы бойынша экология департаментінің зертханалық – талдамалы бақылау бөліміндегі «Ашық есіктер» күні 2018 жылдың 26 қыркүйегінде сағат 16:30 – де Алматы облысы бойынша экология департаментінің мәжіліс залында басталып, департаменттің сынақ зертханасында жалғасын тапты. Іс-шараға І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің жаратылыс тану факультетінің экология бөлімінің 1 курс студенттері 15 адам құрамында, география және экология кафедрасының аға оқытушысы Гүлдана Аманжоловна Сейтова басшылығында қатысты.
Бұл жерде кезекті сөз алған зертханалық – талдамалы бақылау бөлімінің басшысы С.Т. Тобаяқова, экологиялық сынақ зертханасының атқаратын жұмыстарына, аккредиттеу аттестатына, аккредиттеу саласына, прекурсорға лицензия алу және қолданыстағы приборлар мен құралдар жөнінде толық жете мәлімдеді.
Бағдарламаға сәйкес, департаменттің сынақ зертханасының бас маманы Ж.К. Махажанова және зертханашы Л.П. Каленько аккредиттеу саласына сәйкес су секторында зерттелетін анықтамалардың түрлері және оларға зерттеу жүргізу құралдарымен таныстырды, сонымен бірге, су саласына әдістемелік құралдар бойынша түсініктеме жасады.
Одан әрі сынақ зертханасының бас маманы Ю.А. Высоцкий аккредиттеу саласы бойынша атмосфералық ауа секторында істелетін зерттеу жұмыстарын баяндап, оларды зерттеу үшін қажетті приборларды көрсетті, сонымен бірге, ауа саласына әдістемелік құралдар жөнінде ақпарат берді.
Кезекті сөз алған сынақ зертханасының зертханашысы А.Қ. Бекқожанова - аккредиттеу саласы бойынша топырақ секторында істелетін зерттеу жұмыстарымен және оларды зерттеу жабдықтарының жұмыс істеу принцптерімен түсіндірді, осы топырақ саласына тиісті әдістемелік құралдар жөнінде, сондай-ақ, сынақ аккредиттеу саласындағы радиациялық зерттеу жұмыстарымен және оларды зерттеу приборларын таныстырды, сонымен бірге, радиация саласына әдістемелік құралдар жөнінде толық ақпарат берді.
«Ашық есіктер» күнінің соңында Алматы облысы бойынша экология департаменті зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің басшысы С.Т. Тобаяқова және І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің география және экология кафедрасының аға оқытушысы Г.А. Сейтова қорытынды сөз сөйледі.