"Жас эколог - 2019" экологиялық марафонының қорытындысы бойынша баспасөз хабарламасы

"Жас эколог - 2019" экологиялық марафонының қорытындысы бойынша баспасөз хабарламасы

2019 жылдың 4 маусымында "Жастар жылы" аясында Мәртөк ауданында Ақтөбе облысы бойынша экология департаментінің қолдауымен Мәртөк ауылының балалар шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен "Жас эколог-2019" ХІІІ экологиялық марафоны басталды. Осы жылы марафонның өтетін орны Казанка ауылының маңында Мәртөк орманшылығының шоғыры болды.

Марафонның салтанатты ашылуына экология департаменті басшысының орынбасары Е. С. Кожиков, Мәртөк аудандық білім беру бөлімінің басшысы Н.Т. Әшімов, "Мәртөк балалар шығармашылығы орталығы" МКҚК директоры И.Ф. Шәкіров қатысты.
4-7 маусым аралығында балалар ормандарда шатырлар құрып тұрды. Барлығы 11 білім беру ұйымдарынан 12 команда қатысты, жалпы саны 150 оқушы және 24 басшы қатысты.
Жарыс 10 номинация бойынша өткізілді: "Табиғаттың Көңілді білгірлері"; "Қоршаған ортаны қорғау бойынша жобаны қорғау"; "Ең үздік алау әні", "Ең үздік ботқа"; "Жер планетасы-біздің үйіміз" фотоальбомының тұсаукесері; экология және туризм туралы бейнефильмдер байқауы; "Жер, планета, біз!"; экологиялық туризм; Ең үздік шығарма ("Қоқыс тастайтын жерге-жоқ", "Жасыл планета", "Туған өлкенің табиғатын қорғаймыз", "Экология және Біз", "Біздің үй –жер"); табиғи материалдан жасалған бұйымдар сайысы; Экологиялық конкурстар ("Туған өлкенің өсімдіктері мен жануарлары" конкурс-викторинасы, "Қауіпті аймақ" конкурсы, экологиялық брейн-ринг, "Орман дәріханасы" бағыты бойынша жорық); кедергілер жолағын еңсеру бойынша спорттық жарыстар; орманда спорттық бағдарлау бойынша жарыстар, "Туған өлкенің табиғатын қорғау" дөңгелек үстелі, экологиялық десант.