«Украинада, Беларусьта, Қазақстанда және Арменияда ОБЗ мен ООЛ кәдеге жаратуды келісілген басқарудың өңірлік таныстыру жобасы» ЮНИДО-ЖЭҚ жобасына қатысуға хабарландыру (қайталама; тоңазытқыш техникасының қалдықтарын қайта өңдеу бөлігінде)

«Украинада, Беларусьта, Қазақстанда және Арменияда ОБЗ мен ООЛ кәдеге жаратуды келісілген басқарудың өңірлік таныстыру жобасы» ЮНИДО-ЖЭҚ жобасына қатысуға хабарландыру (қайталама; тоңазытқыш техникасының қалдықтарын қайта өңдеу бөлігінде)

Өнеркәсіптік даму жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНИДО) ҚР Энергетика министрлігімен бірлесіп, барлық мүдделі тараптарды «Украинада, Беларусьта, Қазақстанда және Арменияда озонды бұзатын заттар (ОБЗ) мен орнықты органикалық ластағыштарды (ООЛ) кәдеге жаратуды келісілген басқарудың өңірлік таныстыру жобасы» ЮНИДО-ЖЭҚ жобасына қатысуға шақырады, оның шеңберінде қатысушы елдерге Орнықты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясы мен Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасы бойынша халықаралық міндеттемелерін орындауда техникалық жәрдемдесу көрсетіледі.

Жобаның мақсаты - Арменияда, Беларусьта, Украинада және Қазақстанда ОБЗ мен ООЛ экологиялық қауіпсіз жинау және кәдеге жарату тетіктерін таныстыру. Жоба шеңберінде жеткізілген жабдықта таныстыру іс-шараларының барысында құрамында ООЛ/ОБЗ бар кемінде 11 700 тонна қалдықтары және СО2 эквивалентінде 4,14 млн. тонна ОБЗ қалдықтарын жою жоспарлануда.

Қатысу шарттары, әлеуетті Серіктес кәсіпорынға қойылатын біліктілік талаптары, Қатысуға өтінімнің мазмұны мен оны беру тәртібі, қорытындыларды шығару және жеңіскерді айқындау тәртібі Қатысуға өтінішке сәйкес жүзеге асырылады.

Ақпарат үшін байланыс тұлғасы (тек жазбаша сұрақтар үшін)[1]: Әсел Шаханова – Қазақстандағы Жобаны Үйлестіруші,a.shakhanova@unido.org, a_shakhanova123@mail.ru.