Ақтөбе облысы бойынша экология департаментімен өткізілген «Ашық есік күні» туралы ақпарат

Ақтөбе облысы бойынша экология департаментімен өткізілген «Ашық есік күні» туралы ақпарат

ҚР Энергетика министрі Қ.Бозымбаевтың халық алдында есеп беру кездесуінің жоспарлануына байланысты, облыстың проблемалық мәселелерін талқылау мақсатында ағымдағы жылғы маусым айының 6-ы, экология департаменті Ақтөбе қаласы өнеркәсіп мекемелері өкілдерінің және тұрғындардың қатысуымен «Ашық есік күнін» өткізді.

«Ашық есік күні» барысында Ақтөбе қаласының атмосфералық ауа сапасы, оның ішінде:
- Қала бойынша жағымсыз иіс көздері болып табылатын кәсіпорындар қызметі;
- Қаланың экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында алынып жатқан шаралар;
- «Ақбұлақ» АҚ-мен лас шығарынды суларды қабылдау барысында ағызылатын судың сапасын жақсарту шаралары талқыланды.
Тұрғындардың сауалдарына жауапты кәсіпорындар өкілдерінің жауаптары берілді. Қатысушылардың саны 60 адамды құрады.