Үсек таулы өзені суы ақ көбік қабатымен жабылған

Үсек таулы өзені суы ақ көбік қабатымен жабылған

Бүгін ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне Алматы облысының қорықшылық қызметінен бейнеөтініш келіп түсті. Қызмет қызметкерлерімен Панфилов ауданындағы Өсек таулы өзеніндегі судың барлығы биіктігі 10 сантиметрден асатын ақ көбік қабатымен жабылғандығы тіркелді. Видеода өзендегі судың көбік массасына айналғандығы анық көрінеді.

Шұғыл түрде Жаркент қаласына Алматы облысы бойынша экология департаментінің мамандары, әкімдік және табиғатты қорғау полиция қызметінің өкілдерімен бірге тексеруге шықты. 

Толығырақ ақпарат жақын арада жолданатын болады.