"Жаңа экологиялық кодекс ұсынатын шаралар қоршаған орта мен адам денсаулығына кері әсерді азайтады" - Ермек Омаров

"Жаңа экологиялық кодекс ұсынатын шаралар қоршаған орта мен адам денсаулығына кері әсерді азайтады" - Ермек Омаров

Бүгін, Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ермек Умаров "Қазатомөнеркәсіп "ҰАК" АҚ-ның 2020 жылғы өндірістік қауіпсіздік бойынша және 2021 жылға арналған міндеттер" жөніндегі XXIII корпоративтік кеңесінде жаңа Экологиялық кодекс жобасының елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған негізгі қағидаттарын ұсынды.

Осылайша, олар қоршаған ортаға әсерді бағалаудың жаңа тәсілдерін (ҚОӘБ) атап өтті.

Жаңа экологиялық кодексте ҚОӘБ рәсімінен өту туралы талапты тек 1-санаттағы кәсіпорындарға (шамамен 2,6 мың табиғат пайдаланушы) қатысты қолдану ұсынылады.

2-санаттағы объектілер үшін ҚОӘБ міндеттілігі скрининг жүргізу нәтижелері бойынша айқындалатын болады.

Үшінші санаттағы объектілер хабарлама жасау сипатына ауысады, төртінші санаттағы объектілер рұқсат беру құжаттарын алудан толық босатылады.

ҚОӘБ жүйесінің өзі де қайта қаралды. Мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуын ескере отырып, ол 69 жұмыс күнін алатын болады.

ҚОӘБ рәсімін өткізудің әрбір кезеңінде жұртшылықтың қатысуы көзделгені маңызды.

Сондай-ақ, заңда табиғатты қорғау іс-шараларын 100% көлемінде түсетін экологиялық төлемдер есебінен міндетті қаржыландыру көзделген. Бұған дейін жергілікті атқарушы органдар түскен қаражаттың тек 45%-ын, тіпті одан да аз бөлігін бөлді.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 1-санаттағы жаңа ірі кәсіпорындардың ең үздік қолжетімді технологияларды қолдануға байланысты кешенді экологиялық рұқсаттарға міндетті түрде көшуі жүзеге асырылатын болады.

ҮҚТ-ға ауысқан кезде кәсіпорындар эмиссия үшін төлемнен босатылады, әйтпесе мөлшерлемелер өседі. Тиісінше, ҮҚТ мотивациялық механизм болып табылады.

Егер кәсіпорын белгіленген мерзім ішінде ҮҚТ енгізбесе, кешенді экологиялық рұқсат кері қайтарылып алынады, бүкіл кезең үшін төлем мен өсімпұл қоса есептеледі.

Бұл шаралар мотивациялық механизм ретінде тыйым салуды ғана көздемейді.

"Талдау көрсеткендей, табиғат пайдаланушылардың негізгі бұзушылықтары жүйелі негізде жасалады. Көбінесе оларға тазарту жабдықтарын енгізуден және қоршаған ортаға әсерді азайтудан гөрі айыппұл төлеу тиімдірек болады.

Ілеспе заң жобасы аясында қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл 10 есе ұлғайтылады. Қайталап бұзушылық болған жағдайда - 20 есеге ұлағаяды", - деп атап өтті Ермек Қасымғалиұлы.

Сонымен қатар, оның айтуынша, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеуге қойылатын талаптарды бұзғаны үшін санкцияларды қатаңдату қарастырылған.

Мысалы," Өскемен ТМК " АҚ тексеру қорытындысы бойынша 1,68 млн.теңге сомасында жауапкершілікке тартылды. Айыппұл мөлшері ұлғайған жағдайда кәсіпорын 16,8 млн.теңге төлейді.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға қатысты белгіленген нормативтерден асып кеткені үшін 3,2 млн.теңге айыппұл салынды. Ұлғайған кезде айыппұл 32,8 млн. теңгені құрайтын болады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту мерзімі бұзушылық жасалған күннен бастап 1 жылдан 3 жылға дейін ұлғаюы мүмкін. Сондай-ақ, барлық ұйымдастырылған көздерді қамту және зертханалық зерттеулердің нәтижелерін алу мақсатында тексеру мерзімі қосымша 10 күнге ұзартылады.

Ермек Қасымғалиұлының айтуынша, елімізде қатты тұрмыстық қалдықтар және олардың төмен өңделуі үлкен проблема болып табылады. Бұл салаға инвесторлар бармайды. Шын мәнінде, елде сұрыптау бар, бірақ қайта өңдеу жоқ.

Қалдықтарды жағуды көздейтін "Waste to Energy" тетігін енгізу ұсынылады, ол кейіннен электр энергиясын алу және ЖЭК-ке ұқсас желіге беру арқылы қалдықтарды жағуды көздейді. Бұл механизм Еуропада өзін дәлелдеді. Бұл 2025 жылға қарай қалдықтар көлемін 30% - ға дейін қысқартуға және 180 млрд.теңгеден астам сомаға инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.

Алайда, қолданыстағы заңнамада қалдықтармен жұмыс істейтін кәсіпорындардың қызметі регламенттелмеген.

Сондықтан, жаңа Экологиялық кодексте қауіпті қалдықтар жөніндегі қызметті лицензиялау және қалдықтарды жинау мен тасымалдау жөніндегі хабарлама жасау тәртібі көзделген.

Бұл қалдықтарды жинаумен, тасымалдаумен, қайта өңдеумен және кәдеге жаратумен айналысатын мамандандырылған кәсіпорындардың тізілімін жүргізуге мүмкіндік береді.

Экологиялық кодекстің жаңа редакциясында қалдықтардың еуропалық каталогына көше отырып, қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды жоюды бақылау туралы Базель конвенциясына сәйкес әзірленген қалдықтардың қауіптілік деңгейлерінен алыстату ұсынылады. Каталогтың артықшылығы - қалдықтарды қауіпті және қауіпті емес деп бөлу.

"Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқаруды жетілдіру бойынша ұсынылған шаралар нәтижесінде стихиялық қоқыс орындарын жоюға, полигондар салуға бюджет шығындарын қысқартуға, сондай - ақ қоршаған орта мен адам денсаулығына теріс әсерді азайтуға мүмкіндік береді", - деп толықтырды Ермек Умаров.