Ақтөбе соты жанжалды шошқа фермасына қатысты экология департаментінің талап арыздарын қанағаттандырды

Ақтөбе соты  жанжалды шошқа фермасына қатысты  экология департаментінің талап арыздарын қанағаттандырды

Экономикалық сотпен "Парижская Коммуна-ХХІ" ЖШС-нің өндірістік ағынды суларды жинағыш тоғанына және жер бедеріне ағызу, сондай-ақ Алға ауданының Бестамақ ауылында орналасқан көң қоймасын пайдалану бойынша  шаруашылық қызметін  бұзушылықты жойғанға дейін тоқтата тұру туралы шешім шығарды. Бұдан басқа,  қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат пен кәсіпорын нормативтерінің жобасына  берілген мемлекеттік сараптама қорытындысынан айыру туралы департаменттің  талап-арызы қанағаттандырылды

Заңдылық талаптарымен  көзделген, шағымдану және заңды күшіне ену мерзімдері өткеннен кейін сот актілері заңнама талаптарына сәйкес мәжбүрлеп орындатуға жолданатын  болады.

 

Естеріңізге сала кетсек, Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ ауылының тұрғындары "Парижская коммуна XXI"ЖШС мал шаруашылығы кәсіпорнының қызметіне қатысты,  аймақтың экология департаментіне шағым жазған  болатын.  Тұрғындар жердің ластануы мен жағымсыз иіске  шағымданды.

Жоспардан тыс тексеру барысында қазылған траншеяларда биологиялық және құрылыс қалдықтарын ішінара көмумен аралас түрде орналастыру деректері анықталды.  40 мың бас шошқа малына  арналған мал шаруашылығы кешенінде 51 мыңнан астам бас өсіріліп келген. Қалдықтарды орналастыру алаңы 5,6 га құрады.  Жобаға сәйкес, биологиялық қалдықтарды  экструдер арқылы  ұнтау арқылы өңдеу қарастырылған.

    Сонымен қатар, жобалық құжаттамамен қарастырылған ағынды суларды тазалауға арналған құрылғы болмаған.

Ағынды суларды  Байбақты өзенінің арнасына тазартусыз шығару  жүзеге асырылған. Топырақ сынамаларының химиялық талдауы 26 мың м2 қалдықтар орналастырылған  алаңда  ластаушы  заттар концентрациясының артуын көрсетті.

ҚР экологиялық заңнамасы талаптарын  бұзушылыққа жол бергені үшін серіктестікке жалпы сомасы 7 млрд.27 млн. 500 мың теңгеге 13  әкімшілік айыппұл салынды, сұраныста көрсетілген  мәліметтерді ұсынбау түрінде кедергі келтіру дерегі  3 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толытырылып,сотқа жолданды және  қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу туралы 6 Нұсқама берілді.

Мұндай көлемдегі айыппұл "Парижская коммуна XXI"ЖШС-мен нормадан тыс және рұқсатсыз шығарындылармен, ағынды су төгінділермен және қалдықтарды көму салдарынан  қоршаған орта мен  Байбақты өзенінің арнасын ластауымен  түсіндіріледі.

Жоспардан тыс тексерудің барлық құжаттары  серіктестікпен сот тәртібімен әртүрлі сатыдағы соттарда (аппеляциялық алқа, облыстың әкімшілік және экономикалық соттары) қаралуда.

Бұзушылықтарды жою, қоршаған ортаны қалпына келтіру және экологиялық талаптарға сәйкестендіру жөніндегі Нұсқамалар  бақылауда болады.

Қазіргі уақытта "Парижская коммуна XXI" ЖШС-нің  қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу туралы Нұсқамаға  шағымы  Экологиялық реттеу және бақылау комитетімен  қаралуда.

 

ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитеті

Баспасөз қызметі