"Біздің мақсатымыз – Республикадағы экологияны барынша жақсарту..." – Зулфухар Жолдасов

"Біздің мақсатымыз – Республикадағы экологияны барынша жақсарту..." – Зулфухар Жолдасов

Соңғы уақытта қазақстандықтар экологияның ластануына жиі алаңдауда. Халықтың наразылығы артып келеді және оның себептері де бар. Су қоймаларының ластануы, "қара қар", полигондар және қалдықтар. Әлеуметтік желілерді "жан айқайы" - "дем алатын ауа жоқ!", "балалар ауыруда", " шара қолданыңдар!", "экологтар, неге жұмыс жасамайсыздар?" және т.б. қалалар мен ауылдардың немқұрайлы емес тұрғындарының пікірлері мен бейнелері толтырып жатыр.

Шын мәнінде, үлкен жұмыс атқарылуда. Өңірлерде рейдтер мен тексерулер жүргізіліп жатыр, зертханалар сынамалар алады және ластану деңгейін анықтайды.

Сиқырлы таяқшаны бір рет басу арқылы экологияның жақсаруы мүмкін емес. Кәсіпорындардың көп жылдық қызметі, шығарындылар мен төгінділер, қалдықтар, автокөлік санының өсуі және жеке сектор өзінің ауыр рөлін атқарды. Бұл бір орталық органның әрекетіне ғана байланысты емес, ұзақ жасалатын және ауыр жұмыс. Бірақ, ең алдымен, әр адамға байланысты. Атап айтқандай, "тазалық – тазаланатын жерде емес, ластамайтын жерде".

Сонымен, 2020 жылды қорытындылайық. пандемияға қарамастан, өткен жыл Экологиялық реттеу және бақылау комитеті үшін, сондай-ақ аумақтық Экология департаменттері үшін жемісті және салалық және қоғамдық ортада оқиғаларға толы жыл болды.

Биылғы жылдың басты жетістігі – қоғаммен байланыс және сындарлы диалогты орнату болды.

Комитет алғаш рет барлық өңірлерден экобелсенділермен, қоғамдық белсенділермен және еріктілермен кездесу өткізді. Әр өңірде өздерінің белсенділері, қоршаған ортаны қорғауға айтарлықтай үлес қосатын – эко амбассадорлар анықталды,.

Республика өңірлерінде экологиялық жағдайды жақсарту бойынша 16 Жол картасы бекітілді. Халықпен, эко-белсенділермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен онлайн-кездесулер саны артты. Жұртшылықтың қатысуымен рейдтік іс-шаралар өткізілді, оның нәтижелері бойынша 148 қоқыс үйіндісі жойылды, 11 әкімшілік айыппұл берілді. Аталған іс-шараларға 25 мыңға жуық адам қатысты.

Республика бойынша барлығы 1022 экологиялық тексеру жүргізілді (2019 жылы – 2150). Тексерудің төмендеу елдегі карантиндік шараларға байланысты. Бұл ретте, тексерулердің сапасы жақсарды. Комитет 2.5 мыңнан астам экологиялық бұзушылықты анықтап, оның жолын кесті, оның ішінде 1.5 мыңнан астам ұйғарым орындалды.

Бұзушылыққа жол берген кәсіпорындардан 253,64 млн.теңге сомасына 1 мыңнан астам әкімшілік айыппұлдар өндіріліп алынды және бес жүз ұйғарымнан астамына 1255,3 млн. теңге мөлшерінде айыппұл өндіріліп алынды.

Сондай-ақ сот тәртібімен жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметін тоқтата тұру туралы Әкімшілік және азаматтық істер қаралды, сот шешімімен 73 талап қанағаттандырылды. Қалған талап қоюлар бойынша жол берілген бұзушылықтар заңнама талаптарына сәйкес келтірілді және сотқа дейінгі тәртіппен реттелді.

Бақылау, бұзушылықтар, тексерулер мен айыппұлдар – Комитет жұмысының негізгі индикаторы емес, экологиялық реттеудің тетігі болып табылады. Аймақтардағы қоршаған ортаның сапасын жақсарту – бұл елдегі экожүйенің жай-күйіне алаңдайтын экологтарды қозғайтын  мақсат.

Қоршаған ортаға эмиссияларға қатысты, 2019 жылмен салыстырғанда ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің нормативтері тиісінше 80 мың тоннадан аса және 14 мың тоннаға төмендеді. Сонымен қатар, қалдықтарды орналастыру бойынша өсім байқалады. Бұл көбінесе экономика салаларының даму динамикасына, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қуаттылығының ұлғаюына және жаңа кәсіпорындардың пайдалануға берілуіне байланысты.

Бұл ретте, Комитет пен департаменттер кәсіпорындарға қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру кезінде олардың табиғат қорғау іс-шараларын орындауына ерекше назар аударады. Орындалмаса – бұзушылық және айыппұл, қызметті тоқтата тұруға дейін жеткізеді.

Негізгі экологиялық проблемалардың бірі – тұрғындар мен кәсіпорындар тарапынан қалдықтарды рұқсатсыз орналастыру болып табылады. Сондықтан, 2020 жыл Экология министрлігінің "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ-мен жемісті жұмысымен есте қалды. Бірлескен ынтымақтастықтың арқасында анықталған 7147 рұқсатсыз қалдықтарды орналастыру орны жойылды.

Пайда болған стихиялық үйінділерді жедел шешу мақсатында жедел желіні іске қосу басталды. Қазақстандықтар аталған қызметтің ыңғайлылығын атап өтіп, еліміздің кез келген нүктесінен фото және бейне материалдары бар ақпаратты ватсапқа белсенді түрде жолдайды. Көрсетілген мерзім ішінде жедел желіге 1109 өтініш келіп түсті, соның арқасында 742 қоқыс орны жойылды.

Жыл бойы бірінші санаттағы ірі кәсіпорындарға тексеру жүргізілді, олардың ішінде "Қазмырыш" ЖШС, "Атырау химия зауыты" ЖШС, "ҚМК Мұнай" АҚ, Ақсу ферроқорытпа зауыты, "Каспий Цемент" ЖШС және т.б. филиалдары бар.

Жалпы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша экологиялық заңнаманы бұзудың 125 шарасы мен жолы кесілді.

Ауаны ластаудың негізгі көздерінің бірі – өнеркәсіптен басқа пешпен жылытылатын жеке сектор және автокөлік болып табылады. Қазіргі уақытта мегаполистерді – Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларын газдандыру, автокөлікті экологиялық түрге – электромобильдерге ауыстыру және көгалдандыру жұмыстары басталды.

Алайда, өткен жылдың ең маңызды оқиғасы – кәсіпорындарда ең озық қолжетімді технологияларды енгізу арқылы экологияның ластану деңгейін төмендетуге бағытталған ҚР жаңа Экологиялық кодексіне қол қою болды, қазіргі уақытта өңірлерде жұртшылық пен БАҚ-тың қатысуымен Заң нормаларын түсіндіру жүргізілуде.

Комитет төрағасы Зулфухар Жолдасов департаменттерге бірқатар тапсырмалар берді.

"Экологтардың алдында көптеген жұмыстар тұр. Біз – жұртшылық алдында ашықпыз, біздің ортақ міндетіміз – халықтың игілігі мен болашақ ұрпақтың денсаулығы үшін жұмыс істей отырып, республикадағы экологияны барынша жақсарту", - деп атап өтті төраға.

 

 

 

ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу

және бақылау комитетінің

Баспасөз қызметі