Ақмола облысында экобелсенділер «Степногорск ЖЭО» ЖШС жүргізілген өлшеулер туралы халықты хабардар етуді талап етті – келісімге қол жеткізілді

Ақмола облысында экобелсенділер «Степногорск ЖЭО» ЖШС  жүргізілген өлшеулер туралы халықты хабардар етуді талап етті – келісімге қол жеткізілді

Ақмола облысы бойынша экология департаментімен профилактикалық бақылау мақсатында Ақмола облысының Степногорск қаласында орналасқан «Степногорск ЖЭО» ЖШС  тексеріс жүргізілді.

 Кәсіпорынның негізгі қызметінің түрі – электрлік және жылу қуатын өндіру, электр станцияларын пайдалану.

Жүргізілген тексерістің барысында мынадай тәртіп бұзушылықтар анықталды:

- ішкі тексеріс жүргізу журналының болмауы және ӨЭБ нәтижелерін экологиялық рұқсаттар шарттарымен салыстырулары жоқ;

- өндіріс орындарында металл сынықтарын ретсіз сақтау;

- өндіріс және тұтыну қалдықтарын уақытша сақтауға арналған контейнерлер белгіленбеген;

- вагон төгетін цехта шаңды басу жүйесі жұмыс істемейді.

Өлшеулерге сәйкес шығарындылардың рұқсат етілген шекті мөлшерінен асып түсулер анықталған жоқ.

Кәсіпорынға анықталған тәртіп бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жою туралы нұсқама берілді.

Тексеру нәтижелері бойынша тұрғындар алдында есеп беру кездесуі өткізіліп, оған Степногорск қаласының экобелсенділері, бас директордың орынбасары И. Шитов және экология департаментінің мамандары қатысты. Экобелсенділермен тексеру өлшемдерінің нәтижелерімен танысу қажеттілігі туралы мәселелер көтерілді. Сондай-ақ тоқсан сайын осындай өлшемдер туралы халықты хабардар ету ұсынылады.

Өз кезегінде, ЖШС өкілдері де осындай ақпараттар өздерінің сайттарында орналасатыны жайында айтты.