
Бүгінгі күнге Целиноград ауданында жеті ҚТҚ орындары бар және олардың барлығы заңдастырылмаған. Қоқыс шығарумен, сұрыптау және жоюмен «Баян» ЖК айналысады.
Мамандандырылған, заңдастырылған ҚТҚ полигонының болмауы рұқсатсыз қоқыс орындарының қалыптасуына әкеп соғады. «Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ғарыштық мониторингісіне сәйкес 2020 жылы Целиноград ауданында рұқсатсыз орналастырылған қоқыс орындарының 282 анықталды. Ақмола облысы бойынша экология департаменті аудан әкімдігімен бірлесе отырып 235 қоқыс орындарын жою бойынша жұмыстар жүргізді. Бірақ рұқсатсыз орналастырылған қоқыс орындары қайта қалыптасуда.
Жыл басынан бастап Целиноград ауданының әкімдігіне рұқсатсыз орналастырылған қалдық орындарын жою қажеттілігі бойынша 7 хат жолданды.
Полиция органдарымен ҚР ӘҚБтК 505 бабы бойынша 6 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ Экология департаментімен де рұқсатсыз қалдықтарды орналастырғаны үшін Қоянды ауылдық округының әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазіргі уақытта мына ауылдық округтерде жаңа полигон құрылыстарының орындары анықталып отыр – Қабанбай батыр, Арайлы, Софиевка, Оразақ ауылдық округтерінде, яғни, Нұр-Сұлтан қ. төрт бағыты бойынша әзірленуде, технико-экономикалық негіздемесі дайындалып жатыр.