ШҚО экологтары өзендердің ауыр металдармен ластануын анықтады – келтірілген залал 718 млн. теңгеден асты

ШҚО экологтары өзендердің ауыр металдармен ластануын анықтады – келтірілген залал 718 млн. теңгеден асты

Ондаған жылдар бойы Шығыс Қазақстан облысының Риддер өңірі тау-кен өндіру өнеркәсібімен және металлургия мен машина жасаудың ілеспе салаларымен әйгілі.

Риддер қаласындағы "Казцинк"  ЖШС ірі өнеркәсіптік кешені кеңес дәуірінен бері белгілі Риддер тау-кен байыту комбинаты (РГОК) болып табылады. Кәсіпорын жұмыс орындарын береді, өңірді қамтамасыз етуге қаражат бөледі. Алайда, монетаның кері жағы да бар. Зауыт 1 санаттағы кәсіпорын ретінде экологияны ластаудың негізгі көзі болып табылады.

ШҚО бойынша экология департаменті тарапынан тұрақты бақылауға қарамастан, жүргізілген профилактикалық бақылау барысында бұзушылықтар анықталды:

 

* Мартынов ключ ағынындағы мырыш пен марганецтің жоғарылауы, оның себебі жойылған Шубин кенішінің аумағынан ағып жатқан нөсер мен еріген сулар, сондай-ақ Шубин тау жынысының дренаждық сулары болды.

* Филипповка өзенінің ауыр металдармен ластануы, КСРО кезінде салынған Чащинский қалдық қоймасының әсерінен болған.

* өңделген жыныс үйінділерінің дренаждық суларының әсері нәтижесінде Үлбі өзенінің ауыр металдарымен ластануы.

* Чащинск кенішінен Үлбі өзеніне тазартылған шахта суларын ағызу кезінде өлшенген заттар бойынша ШЖК 32 есе, тұзды аммоний бойынша 3,8 есе, нитриттер бойынша 12,5 есе, сульфаттар бойынша 1,7 есе, мырыш бойынша 2,1 есе асып кетуі.

Аталған мөлшерден асып кетулердің жүйелік сипаты бар.

Тазарту құрылыстары болған кезде, сарқынды суларды ағызу барысында көптеген заттар бойынша едәуір асып кету байқалады, бұл Үлбі өзенінің салаларының сапасына теріс әсер етеді: Мартынов Ключ, Филипповка өзендерінің жоғарғы нүктелерінен Үлбі өзенінің төменгі нүктесіне дейін.

‣ Жер үсті тау өзендерінің каскадына шахталық және үйінді сулардың нормативтен тыс төгінділерінен келтірілген экологиялық залал сомасы 718 млн.теңгеден асады (соңғы тексеру сәтінен бастап).

 

‣ Кәсіпорынға залалды өтеу туралы, сондай-ақ су объектілерінің ластануын болдырмау мақсатында тазарту жүйелерін жаңғырту не қазіргі заманғы технологияларды енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу қажеттігі туралы ұйғарым берілді.

Бүгінгі таңда, "Қазмырыш" ЖШС РМОК 2021 жылдың 2-тоқсанына дейін іске асыру мерзімімен жалпы сомасы 44 млн. теңгеге табиғатты қорғау іс-шараларының жоспарын ұсынды.

Нұсқамаларды орындау және залалды өтеу нәтижелері туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.

ҚР ЭГТРМ

Экологиялық реттеу

және бақылау  комитетінің

Баспасөз қызметі