
Өскемен – Қазақстанның ең ластанған қалаларының бірі екені белгілі. Ластанудың ең ірі көзі – "Қазмырыш" ЖШС Өскемен металлургия комбинаты.
ШҚО бойынша экология департаменті кәсіпорынға тұрақты түрде профилактикалық бақылау жүргізеді.
Жақында жүргізілген кәсіби бақылау нәтижелері қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде күкірт диоксиді мен көміртегі оксиді бойынша ШЖБШ нормативтерінің артқанын көрсетті.
Кәсіпорындардың бірқатар техникалық және технологиялық іс-шараларды жүргізу арқылы, кейбір көздерді тоқтата тұруға дейін, шығарындыларды азайту жөніндегі міндеттемелеріне қарамастан, жүргізілген талдаулардың нәтижелері нормативтердің асып кеткенін көрсетті.
Бұл асып кетулер газды тазартудың жеткіліксіз дәрежесін, жеткізілетін шикізаттың төмен сапасын және газ тазарту жүйесінің техникалық тозуын көрсетеді.
Кәсіпорынның қоршаған ортаға келтірген зияны 49 млн. теңгені құрады.
Кәсіпорынға газ тазарту жүйесіндегі газ құбырлары мен жабдықтарды қайта жаңарту бойынша тиімді техникалық іс-шаралар өткізу туралы ұйғарым берілді.
Бүгінгі күні кәсіпорын газдардағы күкірт диоксиді концентрациясының күрт жоғарылауын болдырмауға, "қалдық" газдарды соңына дейін тазартуға немесе мырыш өндірісінің газдарын қос жанасуға ауыстыруға мүмкіндік беретін қосымша жабдықты орнатуды жоспарлап отыр.
ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу
және бақылау комитетінің
Баспасөз қызметі