
Жақында желі қолданушылары Алматы облысында коммуналдық қызметкерлерінің қатып қалған құбырларды жылытудың ерекше тәсілін қызу талқылаған болатын. Куәгер жариялаған бейнежазбада Бесқайнар ауданындағы қатып қалған су құбыры желісін еріту мақсатында автомобиль шиналарын өз бетінше өртегені айқын көрінеді.
Еске сала кетсек, аталған ақпарат келіп түскеннен кейін Талғар ауданының "Талғар Су" ШЖҚ МКК қызметкерлері оқиға орнына шығып, қақпақтарды жағуды дереу тоқтатты.
Аталған факті негізінде Алматы облысы бойынша экология департаменті коммуналдық кәсіпорынға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Ол ағымдағы жылдың 4 қаңтарында таңғы сағат 10 шамасында Бесқайнар және Қотырбұлақ кенттері арасында "Талғар Су" МКК жұмыскерлері автомобиль шиналарын жағу арқылы су құбыры желісін жылыту бойынша жұмыстар шыныменде жүргізілгенің көрсетті.
Осылайша, ҚР Экологиялық Кодексінің 288-бабының өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинау және жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау бөлігіндегі талаптары бұзылғаны анықталды.
Кәсіпорынға ҚР ӘҚБтК-нің 336-бабы бойынша 120 АЕК мөлшерінде 350 мың теңге сомасында айыппұл салынды. Сондай-ақ, экология Департаментінің басшылығымен экологиялық заңнама талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды жою және болдырмау мақсатында нұсқамалар берілді.