Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеуден жүргізу туралы хабарлама

 Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеуден жүргізу туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 Қаулысына (әрі қарай – Ереже) сәйкес, кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестiң қызметi шеңберiнде жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларына сараптама жүргiзу құқығын тану үшін жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргізілетіні туралы хабарлайды.

Ереженің 9-тармағына сәйкес, мемлекеттік органда аккредиттелуге үміткер жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерi, хабарландыру жарияланған күнінен бастап он жұмыс күн ішінде төменде көрсетілген құжаттар тізімін ұсынады:

1)    Ереженің 1-қосымшасына сәйкес өтiнiш;

2)    салыстыру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда құрылтайшылық құжаттардың және бiрлестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;

3)    бiрлестiк мүшелерiнiң тiзiмi.

Аккредиттеуге қатысу үшін толық құжаттар топтамасы 2019 жылдың 19 ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен келесі мекен-жайы бойынша қабылданады: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, А блогі, 305 кабинет (кеңсе).

 Қосымша ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Мемлекеттік қызметтер сапасы және жобалық басқару департаментіне 78-69-30, 78-69-38 телефон нөмірлері бойынша жүгінуге болады.