Энергетика Министрлігінің Пресс-релизі

 Энергетика Министрлігінің Пресс-релизі

Энергетика министрлігі 2019 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысымен бекітілген Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу қағидаларына сәйкес Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. 

Кездесудің қорытындысы бойынша аккредиттеу үшін келесі қауымдастықтар мақұлданды:

1) «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;

2) «KAZWATER» су пайдаланушылардың, су тұтынушылардың және су көлігінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;

3) «Қазақстан күн энергетика қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;

4) «Өнеркәсіптік және өндірістік қалдықтармен жұмыс істеу қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;

5) «Бәсекелестікті және тауарлар нарықтарының дамуы қауымдастығы» Қауымдастық нысанындағы Заңды тұлғалар бірлестігі;

6) «Казахстанская Ассоциация холодильной промышленности» Қауымдастық нысанындағы Заңды тұлғалар бірлестігі;

7) «Қазақстандық еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік қауымдастығы» Қауымдастық нысанындағы Заңды тұлғалар бірлестігі;         

 8) «Қазақстан Республикасының тексерушілер одағы «ETS KZ VERIFIERS» заңды тұлғалар бірлестігі;

9) «Қазақстандық автокәсіпкерлік қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;

10) «Қазақстанның кабель өнімін өндірушілер одағы» Қауымдастық нысанындағы Заңды тұлғалар бірлестігі.

11) «Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы «Қазақстан ұлттық индустриалды палатасы» заңды тұлғалар бірлестігі.