ШҚО-дағы негізгі ластаушылар қоршаған ортаға шығарындыларын азайтады

ШҚО-дағы негізгі ластаушылар қоршаған ортаға  шығарындыларын азайтады

ШҚО-да ластанудың негізгі көзі "Қазмырыш" ЖШС металлургия комбинаты екені белгілі.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айындағы жүргізілген тексеру комбинаттың жүйелі проблемаларын көрсетті. Атмосфераға шығарындылардың асып кетуі және сапасыз тазартылуы анықталды.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында "Қазмырыш" ЖШС Өскемен металлургия комбинатының ағымдағы табиғатты қорғау қызметімен танысты.

Өндірістік шығарындыларды азайту және шығатын газдарды тазарту жүйесін жақсарту бойынша бірқатар тапсырмалар берілді:

  • 2021 жылдың маусымына дейін мыс қорыту зауытынан "Lavalin" күкірт қышқылы зауытына дейін технологиялық тозған газ жолы учаскесі ауыстырылсын және жылу алмастырғыштардың құрылысы (газ тазартудың екінші сатысы) аяқталсын. Осы жұмыстарды қаржыландыру сомасы 560 млн. теңгені құрайды.
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталғанға дейін эмиссиялардың артуына жол бермеу мақсатында Айза – пешке шихта тиеу көлемін төмендету, сондай-ақ шихта дайындау кезінде күкірттің болуына бақылауды күшейту.
  • Экоактивистердің ұсыныстарын ескере отырып, экология департаменті мен кәсіпорын арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезеңінде шығарындылар көздерінің өзінде өлшеулер жүргізу бөлігінде толықтырулар енгізсін.
  • ҚР жаңа Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес, "Қазмырыш" ЖШС барлық өндірістік объектілерінде ең үздік технологияларды енгізу».
  • 2021 жылдан бастап өндірісті жаңғырту есебінен эмиссияларды едәуір төмендетуді көздейтін кешенді экологиялық рұқсатты ресімдеуге кірісу.