Маңғыстау облысында қоршаған ортаға келтірілген залал үшін 39 млн. теңгеден астам қаржы өндірілді

Маңғыстау облысында қоршаған ортаға келтірілген залал үшін 39 млн. теңгеден астам қаржы өндірілді

Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті "Каспий Цемент" ЖШС профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтады.

ЖШС қондырғыны пайдалану кезінде тауарлық бетон өндіру үшін мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы мен рұқсатынсыз қоршаған ортаға шығарындылар тастаған.

Ұйым өз еркімен 5,5 мың тонна көлемінде пеш шаңы түріндегі қалдықтарды орналастырған.

Кәсіпорынға бұзушылықты жою туралы ұйғарым шығарылды және 39 млн.теңгеден астам сомаға залал келтірілді. Қазіргі уақытта, бұл сома мемлекет кірісіне өндіріліп алынды.

Экология департаменті нұсқаманы толық орындау үшін ерекше бақылауға алды.