
Жол картасы өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған 15 іс-шараны қамтиды. Олардың бесеуі орындалды. ⬇️
1. «Севказэнерго» АҚ жетекші кәсіпорнының құжатына сәйкес, газ құбырларына жөндеу жүргізілді, бұл көмір шығынын азайтуды қамтамасыз етті. Сондай-ақ, күл ұстаушы қондырғыларды жөндеу және батареялық эмульгаторларды жаңғырту жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде, эмиссиялар 377,3 тоннаға төмендеді.
2. Жыл басынан бері сегіз елді мекенде биомассада жұмыс істейтін 15 қазандық орнатылды. Бұл жұмыс одан әрі жалғасатын болады.
3. Облыстың аудан орталықтарына ҚТҚ бөлек жинау үшін 50 контейнер берілді. Саумалкөл ауылында және Мамлютка қаласында қайталама шикізатты қабылдау пункттері ашылды.
Бескөл ауылында қалдықтарды бөлек жинауға арналған 24 контейнер және құрамында сынабы бар шамдарды жинауға арналған 49 контейнер орнатылды.
4. Рейдтік іс-шаралар аясында, өңірде КТПҚ заңсыз өндірудің 13 фактісі анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 139-бабы бойынша әкімшілік айыппұлдар сомасы 4,8 млн. теңгеден астам соманы құрады, жалпы сомасы 8 млн. теңгеден астам залал келтірілді.
5. Петропавлда LED-экранда нақты уақыт режимінде атмосфералық ауаның жай-күйі туралы ақпараттың көрсетілімі тұрақты өткізіледі.
Жол картасын жүзеге асыру үнемі бақылануда.