Атырау облысы бойынша экология департаменті 2020 жылғы 1 қарашада "Атамекен-Эко" қоғамдық қорының төрағасы А.Хайрулинмен бірлесіп, Атырау қаласының қоршаған ортасының жай-күйіне мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында, "АМӨЗ" ЖШС кәсіпорны құрамында мұнай өнімдері жоғары сарқынды суларды ағызғандығы анықталды. Ағынды сулардың химиялық құрамын анықтау үшін Департамент зертханасының мамандарымен су сынамалары алынды. Талдаулар бойынша жұмыс жүргізілуде.
Қазіргі уақытта, Департамент "АМӨЗ" ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеруді тағайындау бойынша жұмыс жүргізуде.