Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік экологиялық бақылау

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының сақталуына мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асырады, оның ішінде:

  • Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуына;
  • қоршаған ортаның ластану салдарларын жою жөнiндегi шаралардың жүргiзiлуiне;
  • жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың аяқталуына қарай немесе басқа да бүлдiретiн процестер мен жұмыстардан босатылған жердiң Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарына сәйкес оны одан әрi пайдалану үшiн жарамды жай-күйге келтiрiлуiне;
  • қоршаған ортаны қорғауға қатысты лицензиялық келiсiмшарттық талаптардың сақталуына;
  • жер қойнауының ластанудан, су басудан және қоршаған орта объектiлерiн бүлдіруге алып келетін техногендiк процестерден сақталуына;
  • жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығының сақталуына;
  • жер қойнауы учаскесінiң және жер қойнауын пайдалану объектілерінің консервациялануына, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу салдарының жойылуына;
  • жер қойнауын пайдалану және пайдалы қазбаларды қайта өңдеу кезiнде экологиялық нормалар мен қағидалардың сақталуына;
  • пайдалы қазбаларды өндiру мен өңдеу кезiнде қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi жобалық шешiмдердiң сақталуына;
  • жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзген кезде авариялық және өзге де қауiптi жағдайлардың алдын алу жөнiндегi iс-шаралардың орындалуына;
  • зиянды заттардың, радиоактивтi қалдықтардың көмiлуiне және сарқынды сулардың жер қойнауына ағызылуына;
  • су сапасы нормативтерiнiң сақталуына;
  • атмосфералық ауаны қорғаудың, оның iшiнде көлiк және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалануға шығару және пайдалану кезiнде техникалық регламенттердiң, нормативтердiң, қағидалар мен өзге де талаптардың сақталуына;
  • қалдықтарды қоймаға жинап қою мен жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi талаптардың сақталуына;
  • парниктік газдар шығарындыларын жүзеге асырған кезде талаптардың сақталуына;
  • қоршаған ортаны ластаудың алдын алу жөнiндегi экологиялық талаптар бөлiгiнде радиоактивтi және өзге де экологиялық жағынан қауiптi заттарды пайдалану, сақтау, тасымалдау, көму, кәдеге жарату немесе олармен өзге де жұмыстар iстеу қағидаларының сақталуына;
  • экологиялық рұқсаттарда белгiленген табиғат пайдалану талаптарының орындалуына;
  • өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын есепке алудың, кәдеге жаратудың және залалсыздандырудың белгiленген нормалары мен қағидаларының сақталуына;
  • ластаушы заттар шығарындыларының, төгінділерінің стационарлық көздерi бар және өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастыратын объектiлерге қойылатын экологиялық талаптардың сақталуына;
  • тазарту құрылыстары жұмысының технологиялық регламенттерiнiң сақталуына;
  • өндiрiстiк экологиялық бақылау нормалары мен қағидаларының сақталуына;
  • Қазақстан Республикасының мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы заңнамасының сақталуына;
  • қоршаған ортаны қорғау саласында лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асырудың бiлiктiлiк талаптары мен қағидаларының сақталуына;
  • мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзудiң мiндеттiлiгi туралы талаптардың сақталуына және оның шарттарының орындалуына;
  • мiндеттi экологиялық аудит жүргiзу және қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша дұрыс ақпарат беру туралы талаптардың сақталуына;
  • қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау қағидаларының сақталуына;
  • "Байқоңыр" кешенінің аумағында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына";
  • озонды бұзатын заттардың нақты әкелінген, әкетілген және өткізілген саны туралы деректерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсыну туралы талаптардың сақталуына;
  • өндірушілердің (импорттаушылардың) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы төлеу жөніндегі талаптарды орындауына;
  • өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінде айқындалған талаптарды орындауына.
Дата публикации
04 ноября 2019
Дата обновления
04 ноября 2019
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
10 января 2022
Экологиялық мәселелер шешілетін болады
Пайдалы ақпарат
22 ноября 2020
Экологиялық кодекс кәсіпорындарға ең үздік қолжетімді технологияларға міндетті емес, ерікті түрде өтуге мүмкіндік береді – Зұлфұхар Жолдасов

Социальные медиа

Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Facebook-тегі ресми беті

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы