Меню

Страницы

Статья

Экологиялық мәселелер шешілетін болады

 

Біздің еліміздің халқын өңірлердегі экологиялық мәселелер жиі алаңдатады.

2020 жылы халықпен кездесіп, іске асыру мерзімі 2025 жылға дейінгі 485 нақты іс-шараны қоса отырып, өңірлердің экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 16 Жол картасын бекіттік.

Бүгінгі таңда келесі іс-шаралар аяқталды:

-Түркістан қаласын және бірінші кезекте Нұр-Сұлтан қаласын газбен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар, нәтижесінде 14 000 үй газға қолжетімді;

- Қызылорда және Арал қалаларында ҚТҚ полигондарын салу;

- Атырау қаласының сол жақ жағалау бөлігіндегі ҚТҚ бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары;

-Нұр-Сұлтан қаласының жел режимін зерттеу, оның нәтижелері бойынша осы жылдың мамыр айының соңына дейін қаланың бас жоспарына түзетулер енгізілетін болады;

- Алматы қаласында дизельдік отын қолданылатын қоғамдық көлік сатып алуға тыйым салынды, ал жұмыс істеп тұрған қоғамдық көлік газға ауыстырылуда.

- Алматы ЖЭО-2 жаңғырту бойынша ТЭН-ге оң Мемлекеттік сараптама алынды, оның құрылысын 2026 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Министрлік Жол карталарын орындауды Үкімет отырысының талқылауына шығарды, өйткені Павлодар, Атырау, Жамбыл облыстарында және Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында іс-шаралардың орындалу мерзімдерінде артта қалушылық бар.

Жол карталарын орындау жағдайын талдау 2021 жылға жоспарланған іс-шаралардың 63%-ы орындалғанын көрсетті.

2025 жылға қарай Жол карталарын орындау нәтижесі қалаларда атмосфералық ауаның ластануын азайту, тарихи экологиялық проблемаларды шешу, сарқынды сулардың сапасын жақсарту және оларды қысқарту, қалдықтармен және көгалдандырумен байланысты ахуалды жақсартуға тиіс.

Жергілікті атқарушы органдар біздің аумақтық бөлімшелерімізбен бірлесіп, әр тоқсан сайын карталардың барлық тармақтары түпкілікті орындалғанға дейін олардың іске асырылу барысы туралы жарияланатын болады.

Дата публикации
10 января 2022
Дата обновления
10 января 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
10 января 2022
Экологиялық мәселелер шешілетін болады
Пайдалы ақпарат
22 ноября 2020
Экологиялық кодекс кәсіпорындарға ең үздік қолжетімді технологияларға міндетті емес, ерікті түрде өтуге мүмкіндік береді – Зұлфұхар Жолдасов

Социальные медиа

Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Facebook-тегі ресми беті

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы