Меню

Страницы

Статья

Экологиялық кодекс кәсіпорындарға ең үздік қолжетімді технологияларға міндетті емес, ерікті түрде өтуге мүмкіндік береді – Зұлфұхар Жолдасов

Экологиялық кодекс кәсіпорындарға ең үздік қолжетімді технологияларға міндетті емес, ерікті түрде өтуге мүмкіндік береді – Зұлфұхар Жолдасов

ҚР Парламентінің Мәжілісі екінші оқылымда мақұлдаған жаңа Экологиялық кодекс жобасының ең маңызды нормаларының бірі – кәсіпорындардың ең үздік қолжетімді технологияларды енгізуі. Кодекстің елдің экологиялық ахуалын жақсартуға тигізетін пайдасы туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов айтып берді.

«Бұл механизмді алдыңғы қатарлы елдер пайдаланып, тиімділігін көріп отыр. Еуропа мемлекеттері аталған технологиялар арқылы шығарындылар көлемін 90%-ға дейін азайтты. Біз Экологиялық кодексте бірінші санаттағы кәсіпорындарға ЕҮҚТ-ҒА міндетті емес, ерікті түрде өтуге мүмкіндік жасап отырмыз. Себебі, олар үшін бірнеше стимул бар. 10 жыл уақыт береміз. Ал өтпеген компанияларға әр үш жыл сайын салық өсе береді», - деп түсіндірді Зұлфұхар Жолдасов министрліктің Facebook парақшасындағы тікелей эфирде.

Оның сөзінше, қазірдің өзінде ең үздік қолжетімді технологияларға өтуге «Қазцинк», ERG компаниялар тобы секілді ірі өнеркәсіп орындары дайын екендерін мәлімдеп үлгерген. Комитет төрағасы Экологиялық кодекс стихиялы қалдық алаңдары мәселесін де тиімді шешетінін айтады.

«Қазір кез келген жүк көлігі бар азамат жарнама беріп, қалдықтарды үйіңізден алып кете алады. Ал оны қоқыс алаңына апарып тастауға көп ақша шығындағысы келмей, қаланың сыртына төге салады. Осылайша заңсыз қалдық алаңы пайда болады. Енді жаңа нормалар бойынша тек біздің тізімде тұратын компаниялар ғана қалдық жинаумен айналыса алады. Бұл жұмыспен айналысуға лицензия алулары керек. Олар көліктеріне GPS треккер орнатуы тиіс. Біз сонда қоқысты қайда төккенін біліп отырамыз», - деді З. Жолдасов.

Сонымен бірге, қалдықтарды өртеп, қуат көзін алуды көздейтін Waste to Energy механизмімен жұмыс істейтін зауыттар салуға инвесторлар дайын отыр.

«Бүгінде елімізде қалдықтардың 14%-ы ғана өңделеді. Сондықтан Еуропа елдерінің практикасы арқылы Waste to Energy механизмімен қалдықтарды өртеп, энергия алмақпыз. Шетелдік инвестолар Қарағанды, Ақтөбе, Нұр-Сұлтан, Тараз, Шымкент қалаларында пилот ретінде зауыт салуға дайын. Стандарттар өте қатаң болады. себебі қалдықтарды өртеген соң оның түтіні ауаны қатты ластамауы тиіс», - деп атап өтті комитет төрағасы.

Дата публикации
22 ноября 2020
Дата обновления
22 ноября 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
10 января 2022
Экологиялық мәселелер шешілетін болады
Пайдалы ақпарат
22 ноября 2020
Экологиялық кодекс кәсіпорындарға ең үздік қолжетімді технологияларға міндетті емес, ерікті түрде өтуге мүмкіндік береді – Зұлфұхар Жолдасов

Социальные медиа

Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Facebook-тегі ресми беті

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы