Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Facebook танымал желісінің алаңында тікелей эфир өткізді.

Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Facebook танымал желісінің алаңында тікелей эфир өткізді.

Онлайн іс-шараның тақырыбы – Қазақстан өңірлерінде экологиялық жағдайды жақсарту бойынша жол карталарын іске асыру болып табылады.

Бұл мемлекеттік органның жұртшылықпен бірге алғашқы онлайн-кездесуі емес. Зулфухар Жолдасовтың пікірінше, экологиялық ахуал мәселелері ерекше назар аударуды талап етеді және ҮЕҰ-мен, атқарушы органдармен, волонтерлермен, экобелсенділермен өзара тығыз қарым-қатынаста шешілуі тиіс.

Төраға атап өткендей, елдегі экологиялық жағдайдың ең маңызды проблемалары: атмосфералық ауаның, жер үсті суларының, жер ресурстарының ластануы, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу жүйесінің жетілмегендігі, тарихи ластану және көгалдандырудың жетіспеушілігі болып табылады.

Жұртшылықпен бірлесіп, 17 Жол картасы әзірленді. Оларда өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсарту бойынша нақты іс-шаралар көзделген. 10 елді мекен атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғары өңірлерге жатады. Оларға: Нұр-Сұлтан, Алматы, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Өскемен, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған және Шымкент қалалары жатады.

Кездесу барысында, аталған өңірлердің Экология департаменттерінің басшылары тыңдалды. Олардың әрқайсысында экологиялық жағдайды жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде, барлық іс-шаралардың орындалу мерзімі ерекше бақылауға алынды.

Экологияға зиян келтіретін зауыттардың цехтарын жаңғырту және қайта жаңарту, тазарту құрылыстары кешенін қайта жаңарту, жасыл желектер отырғызу, өзен арналарын тазарту, қауіпті қалдықтарды жою, жаңа полигондар салу, тұрғын үй массивтерін газдандыруға қосу, автокөлікті экологиялық қауіпсіз отын түрлеріне көшіру түйінді мәселелер болып табылады.

 

Бұл қадамдар күкіртсутегі шығарындыларының азаюына, жасыл желектердің ұлғаюына, су ресурстарын сақтауға, жер асты суларының ластануын бақылауға, стихиялық қоқыстар санының азаюына, жер ресурстарының ластануын азайтуға алып келеді.

2024 жылға қарай еліміздің 10 қаласында жоғары ластану деңгейін 9-дан орташа 6-ға дейін төмендетуге, 7 кәріз-тазарту құрылыстарын, 24 жаңа полигондар салуға, орман алқаптарында 2 млрд.ағаш және елді мекендерде 15 млн. ағаш отырғызуға, тарихи ластанған жерлерді жою жұмыстарын жүргізуге қол жеткізілетін болады.

Экологиялық жағдайды жақсарту бойынша Жол карталарын іске асыру еліміздің барлық 17 өңірінде көзделген.

Онлайн-кездесудің қорытындысы бойынша, аумақтық Экология департаменттерінің басшыларына осы бағыттағы жұмысты күшейту бойынша бірқатар тапсырмалар берілді. Мысалы, Зулфухар Жолдасов жұртшылық, атқарушы органдар, экоактивистер мен еріктілер өкілдерінен Экологиялық кеңес құруды тапсырды. Кеңестің қызметі кәсіпорындардың қызметін бақылау және қоршаған ортаның ластануын азайту тұрғысынан жүргізілетін жұмыс туралы есеппен тоқсан сайынғы көпшілік кездесулерді және рейдтік тексерулерді өткізуге бағытталатын болады.

Дата публикации
26 ноября 2020