Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті келесіні хабарлайды.
1 – қосымшаның 2-бөлімінің 2.3-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 2-қосымшсы 2-бөлімінің 7.12-тармағына сәйкес пайдалы қатты қазбалардың ресурстарын барлау мақсаттары үшін тау-кен массасын алу және топырақтың орнын ауыстыру арқылы пайдалы қатты қазбаларды барлау белгіленіп отырған қызметтің әсер етуін скринингтеу рәсімін жүргізу міндетті болып табылатын белгіленіп отырған қызмет түрлері мен объектілердің тізбесі және II санаттағы объектілерге жатады.
Қатты пайдалы қазбаларды барлау және өндіру саласындағы уәкілетті органның түсіндірмесі бойынша (10.04.2023 ж. №04-1-26/2881-И шығыс хаты) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау кезінде (бұдан әрі – КТПҚ) бұрғылау әдісімен елеусіз көлемде сынама алу құнарлы қабаттың орнын ауыстыруға және тау массасын алуға жатпайды.
Іздеу ұңғымаларын бұрғылауды көздейтін және тау-кен массасын алу және топырақтың орнын ауыстыру жүргізілмейтін КТПҚ барлау Кодекстің 2-қосымшасы 2-бөлімінің 2.3-тармағына және 2-қосымшасы 2-бөлімінің 7.12-тармағына жатпайды.
Осыған байланысты іздеу ұңғымаларын бұрғылауды көздейтін КТПҚ-ды барлау үшін жоспарланған қызметтің әсеріне скрининг жүргізу талап етілмейді. Барлау жұмыстарының санаты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 246 бұйрығымен бекітілген қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектінің санатын айқындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес айқындалады.