2021 жылдың 12 айы жөніндегі атқарылған инспекциялық бақылау қызметінің негізгі көрсеткіші:
Экологиялық заңнаманың сақталуы бойынша шаруашылық субъектілерде жүргізілген тексеріс саны – 1200, соның ішінде 336 профилактикалық бақылау, 700 жоспардан тыс тексеру, 164 басқа түрлері;
3301 экологиялық заңнаманың бұзылуы анықталды, 1757 нұсқама берілді;
Жалпы сомасы 27 300,3 млн. теңге болатын 2047 әкімшілік айыппұл салынып, оның жалпы сомасы 1277,12 млн. тенге болатын 1835 әкімшілік айыппұл төленді (4,6%);
Есептілік кезеңде мемлекет кірісіне өткен жылы салынған жалпы сомасы
11,65 млн. тенге болатын 27 әкімшілік айыппұл мәжбүрлеп төленді.
Жалпы 2021 жылдың 12 айы бойынша мемлекет кірісіне жалпы сомасы 1 350,95 млн. тенге болатын 1884 әкімшілік айыппұл төленді.
Есептілік кезеңде қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу бойынша талаппен жалпы көлемі 12 082,07 млн. тенгеге 531 нұсқама берілді, оның 3405,19 млн.тенгеге 465 талап төленді (28%), сонымен қоса өткен жылдан ауыспалы жалпы сомасы
7073,83 млн. тенге болатын 109 талап өтелді.
Жалпы 2021 жылдың 12 айы бойынша мемлекет кірісіне жалпы сомасы
9 510,53 млн. тенге болатын залалды өтеу бойынша 579 талап өтелді.
Шаруашылық қызметін тоқтату туралы сотқа жіберілген материалдар саны 226, оның ішінде қанағаттандырылғаны 148.