Экологиялық заңнаманың сақталуы бойынша шаруашылық субъектілерде жүргізілген тексеріс саны – 1 022 (2019 жылы 2 291 тексеріс);
2 875 экологиялық заңнаманың бұзылуы анықталды, 1 966 нұсқама берілді ( 2019 жылы 4 741 бұзушылық, 4 371 нұсқама берілді);
Жалпы сомасы 319,78 млн. теңге болатын 1 217 әкімшілік айыппұл салынып, оның жалпы сомасы 251,43 млн. тенге болатын 1 120 әкімшілік айыппұл төленді (92%), сонымен қоса өткен жылдан ауыспалы жалпы сомасы 168,27 млн. тенге. болатын 81 әкімшілік айыппұл мәжбүрлеп төленді (2019 жылы 6 413,28 млн. тенгеге 1 661 айыппұл салынып, 1 737,26 млн. тенге болатын 1 524 әкімшілік айыппұлы төленд (62%), 2018 жылдан ауыспалы 1 453,07 млн. теңгеге 100 айыппұл төленді);
Жалпы 2020 жылдың 12 айы бойынша мемлекет кірісіне жалпы сомасы 421,91 млн. тенге болатын 1212 әкімшілік айыппұл төленді. (2019 жылы 7 798,13 млн. теңгеге 1601 айыппұл төленді);
Есептілік кезеңде қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу бойынша талаппен жалпы көлемі 151 537 млн. тенгеге 738 нұсқама берілді, оның 645,84 млн.тенгеге 539 талап төленді (73%), сонымен қоса өткен жылдан ауыспалы жалпы сомасы 5 886,8 млн. тенге болатын 91 талап өтелді. (2019 жылы 46 354,25 млн. теңгеге 1089 нұсқама, оның ішінде 1 438,06 млн. теңгеге 857 талап төленді, 2018 жылдан ауыспалы 3 573,26 млн. теңгеге 79 талап төленді);
Жалпы 2020 жылдың 12 айы бойынша мемлекет кірісіне жалпы сомасы 7 142,08 млн. тенге болатын залалды өтеу бойынша 656талап өтелді. (2019 жылы 5 013,25 млн. теңгеге 946 талап өтелді);
Шаруашылық қызметін тоқтату туралы сотқа жіберілген материалдар саны 162, оның ішінде қанағаттандырылғаны 72. (2019 жылы 360 материал сотқа жіберілді, оның ішінде қанағаттандырылғаны 211).