2020 жылдың 12 айда атқарылған инспекциялық бақылау қызметінің негізгі көрсеткіштері

2020 жылдың 12 айда атқарылған инспекциялық бақылау қызметінің негізгі көрсеткіштері:

Экологиялық заңнаманың сақталуы бойынша шаруашылық субъектілерде жүргізілген тексеріс саны – 1 022 (2019 жылы 2 291 тексеріс);

2 875 экологиялық заңнаманың бұзылуы анықталды, 1 966 нұсқама берілді ( 2019 жылы 4 741 бұзушылық, 4 371 нұсқама берілді);

Жалпы сомасы 319,78 млн. теңге болатын 1 217 әкімшілік айыппұл салынып, оның жалпы сомасы 251,43 млн. тенге болатын 1 120 әкімшілік айыппұл төленді (92%) (2019 жылы 6 413,28 млн. тенгеге 1 661 айыппұл салынып, 1 737,26 млн. тенге болатын 1 524 әкімшілік айыппұлы төленді);

Есептілік кезеңде мемлекет кірісіне өткен жылы салынған жалпы сомасы 168,27 млн. тенге. болатын 81 әкімшілік айыппұл мәжбүрлеп төленді. (2019 жылы 1 453,07 млн. теңгеге 100 айыппұл төленді).

Жалпы 2020 жылдың 12 айы бойынша мемлекет кірісіне жалпы сомасы 421,91 млн. тенге болатын 1212 әкімшілік айыппұл төленді. (2019 жылы 7 798,13 млн. теңгеге 1601 айыппұл төленді)

Есептілік кезеңде қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу бойынша талаппен жалпы көлемі 151 537 млн. тенгеге 738 нұсқама берілді, оның 645,84 млн.тенгеге 539 талап төленді (73%), сонымен қоса өткен жылдан ауыспалы жалпы сомасы 5 886,8 млн. тенге болатын 91 талап өтелді. (2019 жылы 46 354,25 млн. теңгеге 1089 нұсқама, оның ішінде 1 438,06 млн. теңгеге 857 талап төленді, 2018 жылдан ауыспалы 3 573,26 млн. теңгеге 79 талап төленді)

Жалпы 2020 жылдың 12 айы бойынша мемлекет кірісіне жалпы сомасы 7 142,08 млн. тенге болатын залалды өтеу бойынша 656талап өтелді. (2019 жылы 7 142,08 млн. теңгеге 656 талап өтелді)

Шаруашылық қызметін тоқтату туралы сотқа жіберілген материалдар саны 162, оның ішінде қанағаттандырылғаны 72. (2019 жылы 360 материал сотқа жіберілді, оның ішінде қанағаттандырылғаны 211)

Дата публикации
13 января 2021