«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ АҚЖАР АУДАНЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ШЕТЕЛДІКТЕР ҮШІН 2023 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ТУРИСТІК ЖАРНА МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ АҚЖАР АУДАНЫ МӘСЛИХАТЫ ШЕШІМІНІҢ ЖОБАСЫНА ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ АҚЖАР АУДАНЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ШЕТЕЛДІКТЕР ҮШІН 2023 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ТУРИСТІК ЖАРНА МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ АҚЖАР АУДАНЫ МӘСЛИХАТЫ ШЕШІМІНІҢ ЖОБАСЫНА ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

№

Түсіндірме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтер тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

 

Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы.

«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 «Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2023 жылғы 24 қазандағы 10793 №11-06/4829 хатына сәйкес

 

Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).

Жобаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар көзделмеген

 

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы.

Осы шешімнің жобасын қабылдау әлеуметтік - экономикалық және/немесе құқықтық салдарларды болдырмайды

 

Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері.

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының аумағында туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарнаның 2023 жылға арналған мөлшерлемелері болу құнынының 0 (нөл) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекіту.

 

 

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер.

Жоқ

 

Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы.

Жоқ

 

 

Нормативтік құқытық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны).

2023 жылғы 31 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы мәслихаты шешімінің жобасы Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында (16 000 байт) орналастырылды, сондай-ақ «Ашық НҚА» интернет-порталында жарияланды

 

Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат.

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы мәслихаты шешімінің жобасына баспасөз релизі Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылған

 

Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.

-

 

Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері.

-

«Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы,
кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі»
КММ-нің басшысы А. Шайсұлтанов