Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының аумағында шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешімінің жобасы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі «Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы» №181 бұйрығына, Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігінің 2023 жылғы 24 қазандағы № 10793 11-06/4829 хатына сәйкес әзірленді.
Осы жобаның мақсаты туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту болып табылады.
Осы шешім жобасы қосымша қаржыландыруды көздемейді және теріс әлеуметтік – экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2023 жылғы 31 қазаннан бастап 14 қарашаға дейін көпшілік талқылауда орналасқан, сілтеме https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14772422.
«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы
және ветеринария бөлімі» КММ-нің басшысы
А. Шайсұлтанов