ЖОБА СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ АҚЖАР АУДАНЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ШЕТЕЛДІКТЕР ҮШІН 2023 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ТУРИСТІК ЖАРНА МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІН БЕКІТУ ТУРАЛЫ

ЖОБА СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ АҚЖАР АУДАНЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ШЕТЕЛДІКТЕР ҮШІН 2023 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ТУРИСТІК ЖАРНА МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІН БЕКІТУ ТУРАЛЫ

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 «Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 184104 болып тіркелген), Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының аумағында туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарнаның 2023 жылға арналған мөлшерлемелері болу құнынының 0,2 (нөл бүтін оннан екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ақжар аудандық
мәслихатының төрағасы
М. Жүсіпбеков