«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» КММ республикалық «Парыз» конкурсы өткізіліп жатқандығы туралы хабарлайды.
«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығына сәйкес конкурс номинацияларының бірі «Экологияға қосқан үлесі үшін», бұл номинацияда қоршаған ортаның, қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеудің жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын, іс-шараларын және жобаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.
Конкурстың негізгі кезендері, қатысушылардың сауалнамасы бойынша қосымша ақпаратты 87152467759 (Шерементьева Лариса Анатольевна) тел. арқылы алуға болады.