СҚО Ақжар ауданының ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» КММ қызметкерлер тізімі
Мiндеттер
- Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң көлемi мен сапасын арттыруды қамтамасыз ету;
- мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды қамтамасыз ету;
- қайта өңдеу өндiрiсiн тұрақты дамыту мен қолдауды қамтамасыз ету;
- агроөнеркәсiптiк кешен салаларының тұрақты дамуын қамтамасыз ету, олардың бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң өсуi;
- агроөнеркәсiптiк кешендi жедел ғылыми және технологиялық дамытуды қамтамасыз ету.
- сауда қызметiн дамыту саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру, оның iшiнде отандық өндiрiстi дамыту және қолдау, Жеке кәсiпкерлiктi дамыту және қолдау үшiн жағдайлар жасау, жаңа өндiрiстер құру, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейту және жаңарту;
- жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу;
- халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
- ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;
- ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауiпсiздiгi мен сапасын бақылау;
- жануарлар ауруларын диагностикалаудың, оларға қарсы күрестiң және ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң құралдары мен әдiстерiн әзiрлеу және пайдалану;
- жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;
- ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария мамандарын даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру;
- ветеринария саласындағы заңнаманың сақталуын мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау.
Функциялары
- аудан аумағында асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiн жүргiзу үшiн деректер жинауды жүзеге асырады;
- бекiтiлген нысандар бойынша асыл тұқымды малдары бар жеке және заңды тұлғалардыңасыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерден есептер қабылдайды;
- бағалау туралы деректердi қабылдайды және қорытады және тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк бойынша оның нәтижелерi туралы мүдделi тұлғаларды хабардар етедi;
- асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң асыл тұқымды өнiмдi (материалды) жыл сайынғы өткiзу көлемiне өтiнiмдер қабылдауды жүзеге асырады;
- асыл тұқымдық зауыт, асыл тұқымдық шаруашылық, асыл тұқымдық орталық дистрибьютерлiк орталық, асыл тұқымдық репродуктор және iрi қара малдың тұқымдары бойынша Республикалық палата берген асыл тұқымдық қара малдың куәлiктерiнiң есебiн жүргiзедi;
- агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту бағдарламаларын, Ауыл шаруашылығын дамытудың орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеу және оларды аудан аумағында iске асыру;
- агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы мемлекеттiк техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
- агроөнеркәсiптiк кешен саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзу;
- Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға, гербицидтердi, минералдық тыңайтқыштарды, тұқым шаруашылығын және мал шаруашылығын дамытуды субсидиялауға облыстық бюджеттен субсидиялаудың барлық бағдарламаларын iске асыру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру.
- ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарын,ауыл шаруашылығы, кәсiпкерлiк, өнеркәсiп салалары, индустриалды-инновациялық даму, сауда саласындағы мемлекеттiк және аймақтық бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
- кәсiпкерлiктi дамыту саласындағы басым бағыттарды айқындау және бiрыңғай саясат жүргiзудi қамтамасыз ету;
- кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың мемлекеттiк және өңiрлiк бағдарламасын iске асыру;
- кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымын дамыту;
- инвестицияларды, оның iшiнде шетелдiк инвестицияларды тарту жөнiнде қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдесу;
- кәсiпкерлiктi дамытудың өңiрлiк бағдарламаларын iске асырудың бағалау көрсеткiштерiнiң орындалуын талдау;
- тиiстi кезеңде кәсiпкерлiктi дамыту туралы талдамалық ақпарат, анықтамалар дайындау, кәсiпкерлiк және өнеркәсiп құрылымындағы сәйкессiздiктердi анықтау, оларды жою жолдарын айқындау;
- кәсiпкерлiк және өнеркәсiп саласында кешендi бағдарламалар мен экономиканың орта мерзiмдi даму жоспарларын әзiрлеуге, оларды ауданның басқа мемлекеттiк органдарымен және шаруашылық жүргiзушi субъектiлермен бiрлесiп iске асыруға экономикалық қызметтiң негiзгi түрлерi бойынша ұсынымдар мен индикаторларды дайындау, бағдарламаларды әзiрлеу бойынша консультациялық көмек көрсету (кеңестер, дөңгелек үстелдер өткiзу, мамандардың шығуы);
- ауданның өнеркәсiп кәсiпорындарының өндiрiстiк-шаруашылық қызметiне талдау жүргiзу, олардың жұмыстарын жақсарту бойынша аудан әкiмiне және (немесе) жетекшiлiк ететiн аудан әкiмiнiң орынбасарына ұсыныстар дайындау;
- ауданның индустриялық-инновациялық даму саласында мониторинг жүргiзу, ауданның индустриялық-инновациялық дамуының ұсыныстарын дайындау жолымен жағдайды талдау және болжау;
- инфрақұрылымды дамытудың өңiрлiк бағдарламаларын келiсу және инфрақұрылымды дамытудың басым бағыттарын айқындау арқылы инфрақұрылымды дамытудың, өнеркәсiп өндiрiстерi мен кәсiпкерлiк объектiлерiн әртараптандыру мен сауықтырудың негiзгi бағыттарын әзiрлеудi үйлестiру;
- жақын және алыс шетел және Қазақстан Республикасының аймақтарымен келiсiмдер жасау жолымен өңiр экономикасын дамытудың басым бағыттары шеңберiнде ауданның кәсiпорындары мен ұйымдарының халықаралық және аймақаралық экономикалық ынтымақтастығын дамытуға жәрдемдесу, ауданның кәсiпорындары арасындағы ынтымақтастықтың негiзгi басым бағыттарын және мүмкiн болатын серiктестердi айқындау;
- мүдделi мемлекеттiк мекемелермен бiрлесiп, ауданда инвестициялық ахуалды жақсарту жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу және аудан әкiмiне және (немесе) жетекшiлiк ететiн орынбасарына жүзеге асыру бойынша тоқсан сайынғы есептi әзiрлеу жолымен әлеуеттi инвесторларды тарту және инвестициялық жобаларды iске асыру бойынша ұйымдарға жәрдемдесу;
- импорт алмастыру мәселелерi бойынша өңiрлiк саясатты iске асыру, аудан әкiмiне және (немесе) жетекшiлiк ететiн аудан әкiмiнiң орынбасарына ауданның экспорт және импорт көлемдерiнiң құрылымын жақсарту бойынша ұсыныстарды талдау және дайындау;
- тауар нарықтарындағы сұраныс пен ұсынысты, сауда конъюнктурасын және ауданның тұтыну нарығының жағдайын зерттеу бойынша жұмыстарды үйлестiру, өз құзыретi шегiнде сауда қызметi субъектiлерiнiң қызметiне бақылауды жүзеге асыру арқылы оның дамуының ұсынымдары мен болжамдарын әзiрлеу, ауданда сауда қызметiне қолайлы жағдай жасау бойынша шаралар әзiрлеу, көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыру;
- Қазақстан Республикасының Заңдарына және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес ауданда кәсiпкерлiктiң дамуына талдау жүргiзу және әкiмге және (немесе) жетекшiлiк ететiн аудан әкiмiнiң орынбасарына кәсiпкерлiктi дамыту бойынша ұсыныстар дайындау арқылы жеке кәсiпкерлiктi дамыту және қолдау бойынша қызметтi үйлестiру;
- өңiрдiң экономикалық проблемалары, сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту, озық тәжiрибенi насихаттау бойынша аудан әкiмiнiң және (немесе) әкiмiнiң орынбасарларын, кәсiпорындар мен ұйымдарды ақпараттық қамтамасыз ету;
- Бөлiм құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша аудан әкiмi мен әкiмдiгiнiң, аудан мәслихатының нормативтiк құжаттарының жобаларын дайындау;
- шағын бизнес қауымдастықтарымен, бизнес-инкубаторлармен, орталықтарымен және шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту инфрақұрылымының басқа да объектiлерiмен өзара iс-қимыл жасау;
- шағын бизнестi дамыту мониторингiн жүргiзу (ШКС саны, жұмыспен қамтылғандар саны, өндiрiлген өнiм көлемi, салық төлемдерi);
- шағын бизнес субъектiлерiне сауалнама жүргiзу;
- әлеуметтiк маңызы бар тауарлар мен қызметтер бағаларының мониторингiн жүзеге асыру;
- асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерден асыл тұқымды мал туралы деректер жинауды жүзеге асырады;
- облыстың жергiлiктi атқарушы органына жануарларды ұстау ережелерiн, жануарларды ұстаудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
- ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиiстi аумақтың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантиндi немесе шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы шешiмдер қабылдау);
- ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнiндегi ветеринариялық iс-шаралар кешенi жүргiзiлгеннен кейiн тиiстi аумақтың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу iс-шараларын немесе карантиндi тоқтату туралы шешiмдер қабылдау);
- облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға олардың тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте ветеринария саласындағы функцияларын орындауы кезiнде жәрдем көрсету;
- облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қызметтiк үй-жайлармен қамтамасыз ету;
- мал көмiндiлерi (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректердi (мәлiметтердi) оларды мал көмiндiлерiнiң (биотермиялық шұңқырлардың) тiзiлiмiне енгiзу үшiн облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарына ұсыну);
- Мемлекеттiк қызмет көрсетудi жүзеге асырады
Бөлiм басшысы
Азамат Тұрлыбекұлы Шайсұлтанов 1986 жылы 25 наурызда Көкшетау облысы Ленин ауданы Талшык селосында дүниеге келдi. 2003 жылы Талшық орта мектебiн аяқтады.
2003-2008 жылдары Астана қ. С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетнде оқыды.
2009 жылы ақпан-қазан айларында «СҚО Ақжар ауданы Талшық ауылдық округi аппараты» ММ әскери-есеп үстелiнiң нұсқаушысы.
2009 жылдың қазан айынан 2011 жылғы желтоқсан айына дейiн «СҚО Ақжар ауданы Талшық ауылдық округi аппараты» ММ бас маманы.
2011 жылғы желтоқсан айынан 2013 жылғы тамыз айы «СҚО Ақжар ауданы Талшық ауылдық округi аппараты» ММ әкiмiнiң орынбасары.
2013 жылдың тамыз айында Айсары ауылдық округiнiң әкiмi болып тағайындалды.
2015 жылғы қаңтар айына дейiн осы қызметте жұмыс жасады.
2015 жылғы ақпан — қараша айлары арасында «СҚО Ақжар ауданы Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ маманы.
2015 жылғы желтоқсан айында Талшық ауылдық округiнiң әкiмi болып тағайындалды.
2017 жылғы қыркүйек айына дейiн жұмыс жасады.
2018 жылғы қаңтар-тамыз айларында «Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ бас маманы.
2018 жылдың тамыз айынан 2019 жылғы маусым айы аралығында «Ақмола облысы жануарлар әлемi және балық шаруашылығы аумақтық инспекциясының бас маманы.
2019 жылғы тамыз-желтоқсан аралығында «СҚО Ақжар ауданы Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ басшысы болып тағайындалды.
2019 жылғы желтоқсан айында «СҚО Ақжар ауданы Ауыл шаруашылығы бөлiмi» КММ басшысы ретiнде тағайындалды.
Үйленген, үш бала тәрбиелеуде
Телефон: 8 (715-46) 2-12-67
Қабылдау кестесi: сәрсенбi сағат 11-00 ден 13-00-ге дейiн
эл. адрес: celhoz_2009@mail.ru