«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша ЕСЕБІ

«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша

ЕСЕБІ

 

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы.

 

«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» КММ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес (01.01.2026ж. өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес) мемлекеттік қызметтердің 4 түрі көрсетілді:

  1. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу» – Е-лицензиялау порталы арқылы қағаз/электрондық түрде.
  2. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай – ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру» – Е-лицензиялау порталы арқылы қағаз/электрондық түрде.
  3. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» – Е-лицензиялау порталы арқылы қағаз/электрондық түрде.
  4. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу» – «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация, "электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қағаз/ішінара электрондық түрде.

 

2025 жылы 366 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде: «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы – 26 қызмет, электрондық форматта (ЭҮП) – 0 қызмет,  көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қағаз форматта – 12 қызмет, электрондық форматта         «Е - license» порталы арқылы - 328 қызмет.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді  бас тарту -1.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру және қолжетімділік мақсатында мемлекеттік мекеме ғимаратында көрнекі ақпараты бар стенд орналастырылған (заң, көрсетілетін қызметтердің қағидалары, өтініштердің үлгілері, шағымдар журналы). Сондай-ақ, бұл ақпарат мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

Көрсетілетін қызметтер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қағидаларына сәйкес көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес, 2025 жыл ішінде бұзушылық анықталды:

  • заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметтер көрсету - 5 факт.
  • мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзу-3 факт.

Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі бойынша шағымдар түскен жоқ.

2025 жылы бөліммен мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты 15 ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Алдағы уақытта мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасы мен тиiмдiлiгiн көтеру және қызмет алушылардың қанағаттандырылуын арттыру мақсатында iшкi бақылауды  және мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттырып отыру, ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу жоспарлануда.

 

 

           Бөлім басшысы                                                                                         О.А. Аренов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орын.: А. Жексенбаева

Дата публикации
24 февраля 2026