Статистика департаментінің деректеріне сәйкес, 2024 жылы ауыл шаруашылығының көлемі 49 002,4 млн теңгені құрады, 2023 жылғы деңгеймен салыстырғанда нақты көлем индексінің өсімі 2,2 есе болды.
Өсімдік шаруашылығының көлемі 39 841,7 млн.теңгені немесе 283,8% - құрады.
2024 жылы егін жинау алаңы 293,3 мың га құрады, оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар-224,3 мың га, майлы дақылдар-48,6 мың га, жемшөп дақылдары-11,2 мың га, картоп-0,4 мың га және көкөністер-0,13 мың га.
Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың жалпы өнімі 405,9 мың тоннаны құрады, орташа аудандық өнімділігі 18,1 ц/га.
Жоғары өнімділік Құлыкөл а/о (22,4 ц/га), Уялы а/о (20,9 ц/га), Үлкен Қарой а/о (20,6 ц/га) байқалады.
Майлы дақылдар 48,6 мың га алқапта жиналды. жалпы алым 33,9 мың тоннаны құрайды, өнімділігі 6,9 ц/га.
Картоп 400 га алқапта жиналды, жалпы өнім 2 600 тоннаны құрады (өнімділігі 67,0 ц/га).
Көкөністер 0,04 га алқапта жиналды, жалпы алым-443 тонна (өнімділігі 148 ц/га).
2024 жылғы егін жинау науқанына 402 дана астық жинайтын комбайн қатысып, оның ішінде 53 дана жоғары өнімді, 14 дана жатка, 120 дана жүк көлігі болды.
Күзгі дала жұмыстарына арзандатылған дизель отыны 4 775 тонна көлемінде бөлінді, бағасы литріне 250 теңгені құрады.
Аудан бойынша сыйымдылығы 361,4 мың тоннаны құрайтын астық қоймалары бар.
2024 жылғы өнімнен астық қабылдау кәсіпорындары 285,8 мың тонна астық қабылдады (соның ішінде бидай – 213,8 мың тонна, арпа – 27,8 мың тонна және басқа да дақылдар – 15,9 мың тонна). 3-сыныпты бидайдың үлес салмағы 75,5%-ды құрайды.
Ауа райы жағдайларын ескере отырып, астық қабылдау кәсіпорындарына дәнді кептіруге 959 тонна дизель отыны бөлінді.
Тұқым шаруашылығы
2024 жылы сортты жаңарту 10,0% құрады, 2 987 тонна элиталық тұқым себілді.
Минералды тыңайтқыштар
2024 жылы 297,3 мың га алқапқа 19,6 тонна минералды тыңайтқыштар енгізілді.
Қар ұстау
Ылғал қорын жинақтау мақсатында ауданның агроқұрылымдары қысқы кезеңде алқаптарда маңызды агротехникалық шара – қар ұстау жұмыстары жүргізілді. Қар тоқтату жоспары – 185,7 мың гектарды құрайды. Қардың аз түсуіне байланысты қар тоқтату жұмыстары 0,9 мың гектарда немесе жоспардың 0,5%-ында ғана жүргізілді.
Машина-трактор паркі
2024 жылы ауданның агроқұрылымдары 3 507,7 млн теңгеге 180 бірлік жаңа техника мен жабдық сатып алды. Оның ішінде: 10 дана дөңгелекті трактор, 14 дана астық жинайтын комбайн, 68 дана дән сепкіш, 55 дана басқа техника мен жабдық.
2024 жылы аудан бойынша техниканың жаңартылуы орта есеппен 5,5%-ды құрады.
Мал шаруашылығы
Мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2%-ға өсіп, 9 150,6 млн теңгені құрады.
Статистика департаментінің деректері бойынша 2025 жылғы 1 қаңтардағы мал басы төмендегідей:
2024 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша 3,8 мың тонна тірі салмақта ет өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,1%-ға өсті. Сүт өндірісі – 19,0 мың тонна, өсім – 4,4%, ал жұмыртқа – 2,2 млн дана, өсім – 0,2%.