Ақжар ауданының кәсіпорындары назарына.
«Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұлттық стандарттау жүйесін дамытудың стратегиялық мақсаттары мен бағыттарын ескере отырып, стандарттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау жыл сайынғы негізде жүзеге асырылады.
Стандарттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарына жауап беруге, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды ескеруге тиіс және ұлттық стандарттау жоспары нысанында жүзеге асырылады.
Ұлттық стандарттау жоспары:
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің және басқа да мүдделі тараптардың ұсыныстарын;
- стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің жұмыс жоспарларын;
- стандарттау жөніндегі қолданыстағы құжаттарды алдын ала талдауды және ұлттық стандарттарды әзірлеуге қажеттілікті ескере отырып, техникалық регламенттерге өзара байланысты стандарттардың тізбелерін кеңейту;
- стандарттау саласындағы мониторинг нәтижелері;
- Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарына жауап беретін өзге де көздер.
Бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік бағдарламаларды, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, нормативтік құқықтық актілерде қолдану үшін техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық стандарттары мен ұлттық жіктеуіштерін іске асыру үшін әзірленетін өзара байланысты, ұлттық стандарттар ретінде техникалық регламенттерге стандарттар тізбесіне енгізілетін негізгі ұлттық стандарттарды, ұлттық және мемлекетаралық стандарттарды әзірлеуге жол беріледі.
Стандарттау жөніндегі құжаттардың қалған түрлері өзге қаржыландыру көздері есебінен әзірленеді.
Қосымша: 2 п.
Департамент басшысы -
СҚО мемлекеттік бақылау және қадағалау
жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы В. Маршаков
Орынд. Е. Паршина
тел: 8 (7152) 52-74-97
e.parshina@mti.gov.kz
Исп. Е. Паршина
тел: 8 (7152) 52-74-97
e.parshina@mti.gov.kz