"Фараджов" ЖК

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНІСТРЛІГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ

РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ СОЛТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

 

РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ

«ДЕПАРТАМЕНТ ЭКОЛОГИИ ПО

СЕВЕРО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ

КОМИТЕТА ЭКОЛОГИЧЕСКОГО

РЕГУЛИРОВАНИЯ И КОНТРОЛЯ

МИНИСТЕРСТВА ЭКОЛОГИИ И ПРИРОДНЫХ РЕСУРСОВ

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»

150000, Петропавлқаласы, К.Сүтiшев көшесi, 58 үй,

тел: 8(7152) 46-18-85

sko-ecodep@ecogeo.gov.kz

150000, г.Петропавловск, ул.К.Сутюшева, 58,

тел: 8(7152) 46-18-85

sko-ecodep@ecogeo.gov.kz

       

2024 ж. 16.09. № 02-2-08/1289

Мемлекеттік органдарға

(тізім бойынша)

«ҚР экология  және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің СҚО бойынша экология департаменті» РММ  (әрі қарай -Департамент)  ҚР Экологиялық кодексінің 68-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына  сәйкес (әрі қарай -Кодекс)  ұсыныстар мен ескертулер енгізу үшін «Фараджов» ЖК  2024 ж. 13.09. № KZ67RYS00770412  жоспарланған қызметі туралы өтінішін жібереді (әрі қарай – Өтініш).

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 02.06. № 130 бекітілген бұйрығымен «Қоршаған ортаға әсерді бағалауды және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсерін скринингті қамту саласын айқындау туралы қорытынды беру «Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» қағидаларының 6-тармағына және Кодекстің 68-бабына сәйкес, Сіз жіберілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде Департаментке жоғарыда көрсетілген өтінішке өз ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды ұсынуыңыз қажет.

Сонымен қатар, Кодекстің 68-бабының 6-тармағы негізінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан жоспарланған қызмет туралы өтініштің көшірмесін алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде оны ресми интернет-ресурстарға орналастыратынын хабарлаймыз.

Белгіленген қызмет туралы өтініш қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және тиісті әкімшілік - аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында орналастырылғаннан кейін, белгіленген қызмет туралы өтініш уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні өткенге дейін осындай қоршаған ортаны қорғау саласындағы органдар интернет-ресурстарда жұртшылық назарына үздіксіз қолжетімді болып қалуға тиіс.

Интернет-ресурста орналастырылған көзделіп отырған қызмет туралы өтініш жұртшылық үшін көзделіп отырған қызмет туралы ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау туралы ресми хабарламамен бірге белгіленіп отырған қызметтің түрін, ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау жүзеге асырылатын пошталық мекенжайды және электрондық мекенжайларды, сондай-ақ ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың аяқталу күнін көрсете отырып, көзделіп отырған қызмет туралы өтінішке қатысты ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау туралы ресми хабарламамен сүйемелденуге тиіс.

Кодекстің 68-бабының 9-тармағы негізінде департамент жоспарланып отырған қызметке қатысты жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстарын қабылдауды мына мекенжай бойынша жүзеге асырады: 150000, СҚО, Петропавл қ., К.Сүтішев к-сі, 58 каб.33, sko-ecodep@ecogeo.gov.kz

Қосымша:  «Фараджов»  ЖК  жоспарланған қызметі туралы өтініші 7 бетте.

Дата публикации
01 октября 2024