«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерінің орындарын айқындау туралы»

Жоба

 

«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерінің орындарын айқындау туралы»

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 73-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының аумағындағы стационарлық емес сауда объектілерінің орындары айқындалсын.

 Көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақжар ауданының әкімі                                         Р.Елубаев

Дата публикации
18 сентября 2024