Жоба
«Ақжар ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 64 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Ақжар ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 64 қаулысына (Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2022 жылғы 30 наурыздағы №27296 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің м.а. Б.Жұрынтаев