Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 443 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 22 желтоқсанда № 33792 болып тіркелді
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 94-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 49-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
А. Бердалин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасы |
Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2) жақын туыстар – ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер;
3) жұмыссыз – жұмыс іздеуші және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға;
4) сенім білдірілген өкіл (агент) – тапсырма шартының негізінде кредитордың (сенімгердің) немесе бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атынан және есебінен және оның нұсқауларына сәйкес бюджеттік кредит беруге байланысты белгілі бір тапсырмаларды жасайтын тұлға;
5) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – сенім білдірілген өкілге (агентке) микрокредит алу үшін жүгінген кезде жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аспайтын уақытты құрайтын кәсіпкер.
2-тарау. Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру тәртібі
1) жұмыссыздар;
2) жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеусіз кіріс алу мақсатында тауарларды өндіру (өткізу), жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жөніндегі қызметті өз бетінше жүзеге асыратын тұлғалар және (немесе) жұмыс істемей тұрған жеке кәсіпкерлер;
3) отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;
4) сату (айырбастау) үшін жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндіру бойынша қызметті өз бетінше жүзеге асыратын, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұлғалар;
5) "Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметін жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы кооперативтері;
6) ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлер.
1) жылдық сыйақы мөлшерлемесі 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайызбен қайтарымдылық, қамтамасыздық, жеделділік және ақылылық қағидаттарымен 10 (он) жылға;
2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты: жобаларды іске асыру үшін үміткерлерге микрокредит беру, оның ішінде ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда ауыл шаруашылығы техникасын және жабдықтарды сатып алу;
3) негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдік кезеңі 28 (жиырма сегіз) ай мерзімінен аспайды;
4) бюджеттік кредитті игеру кезеңі 12 (он екі) айды құрайды және жергілікті атқарушы органға бюджеттік кредит аударылған кезден бастап есептеледі.
Осы ережелерді іске асыру мақсатында бюджеттік бағдарламаның әкімшісі тиісті бюджет бекітілгеннен кейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға кейіннен бекіту үшін бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын жолдайды.
Бюджеттік кредит қаражаты сенім білдірілген өкілге (агентке) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған қаржылық және (немесе) қаржылық емес оператордың қолқа қол алатын шотына аударылады.
1) микрокредит мерзімі – 5 (бес) жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін;
2) микрокредиттің ең жоғары сомасы – 2500 (екі мың бес жүз) айлық есептік көрсеткішке дейін, ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін – 8 000 (сегіз мың) айлық есептік көрсеткішке дейін.
Бұрын алынған микрокредит бойынша міндеттемелерді толық орындаған үміткерлерге қайта кредит беру кезінде микрокредиттің ең жоғары сомасының мөлшері 8 000 (сегіз мың) айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғаяды. Бұл ретте, микрокредиттер бағдарлама үміткерлерінің қайтарылған қаражаты есебінен беріледі, бірақ микрокредиттің ең жоғары мерзімінің 1/2 (екіден бір) бөлігінен ерте емес;
3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) %-дан аспайды;
4) кепілдік қамтамасыз етудің болуы;
5) негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең микрокредит беру мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды;
6) микрокредиттеуге мақұлдау алғаннан кейін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркелу.
Өтінімдерді қабылдау, микрокредиттерді қамтамасыз ету тәсілдері жергілікті атқарушы орган мен сенім білдірілген өкіл (агент) арасында жасалатын тапсырма шартында көрсетіледі.
Сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырма шартын орындағаны үшін сыйақы төлеуді жергілікті атқарушы орган жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) тапсырмаларды орындағаны үшін сыйақы төлеу мөлшерін жерілікті атқарушы орган анықтайды және тапсырма шартында белгіленеді.
1) жобаның басым бағыттарға сәйкестігі;
2) тұрақты жұмыс орындарын құру;
3) жеке тұлғалар үшін - жобаны іске асыру жоспарланып отырған ауылдық елді мекенде немесе шағын қалада тұрғылықты жері бойынша кемінде 12 (он екі) ай (микрокредит алуға өтінім беру күніне) тұрақты тіркеудің болуы;
жеке кәсіпкерлер үшін/заңды тұлғалар үшін – жобаны іске асыру жоспарланып отырған ауылдық елді мекенде немесе шағын қалада жеке кәсіпкердің/заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеудің болуы;
4) жаңа, бұрын пайдаланылмаған техниканы, жабдықты сатып алу.
1) жеңіл автокөлік сатып алу;
2) ауыл шаруашылығы жануарларын жақын туыстарынан сатып алу;
3) кейіннен жалға беру үшін ғимараттарды, үй-жайларды, тұрғын үйлерді сатып алу және/немесе салу.
Құжаттар мен олардағы мәліметтер микрокредит беру шарттарына сәйкес келмеген жағдайда, сенім білдірілген өкіл (агент) қайтару себептерін көрсете отырып, микрокредит алуға арналған құжаттар топтамасын қайтарады.
Кепіл шартын уәкілетті органда тіркегеннен кейін сенім білдірілген өкіл (агент) 5 (бес) жұмыс күні ішінде микрокредит сомасын үміткердің ағымдағы шотына аударады.
Жергілікті атқарушы орган ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-на дейінгі мерзімде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микрокредиттерді нысаналы пайдалану туралы есепті және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтерінің микрокредиттерді нысаналы пайдалануы туралы есепті ұсынады.
|
|
Ауылдық елді мекендерде және |
Микрокредит алуға арналған құжаттар тізбесі
|
Р/с№ |
Құжаттың атауы |
Құжат/мәліметтер түрі |
Ескертпе |
|
1. |
Сауалнама - сенім білдірілген өкілдің (агенттің) ішкі құжаттарына сәйкес микрокредит алуға өтініш |
түпнұсқа/электрондық құжат |
|
|
2. |
Жеке басын куәландыратын құжат |
құжаттың көшірмесі/электрондық көшірмесі/мемлекеттік дерекқордан алынған электрондық форматтағы мәліметтер |
|
|
3. |
Кредиттік тарих субъектісінің ол туралы ақпаратты кредиттік бюроға беруге, сондай-ақ кредиттік есепті алушыға кредиттік есепті беруге келісімі |
түпнұсқа/электрондық құжат |
|
|
4. |
Субъектінің мемлекеттік (оның ішінде құқық қорғау)/мемлекеттік емес органдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау /орындамау туралы барлық мәліметтерді, берілген микрокредит туралы мәліметтерді, ақпаратты беруге және алуға келісімі |
түпнұсқа/электрондық құжат |
микрокредит мақұлданғаннан кейін беріледі |
|
5. |
Кепіл берушілердің Қазақстан Республикасының заңнамасына және сенім білдірілген өкілдің (агенттің) ішкі құжаттарына сәйкес ресімделген мүлікті кепілге беру жөніндегі келісімі |
түпнұсқа |
микрокредит мақұлданғаннан кейін беріледі |
|
6. |
Шоттың болуы және кредиттік берешектің, оның ішінде қаржы ұйымдарынан мерзімі өткен берешектің болуы туралы (кредиттер болған кезде) қызмет көрсететін банктен анықтамалар |
түпнұсқа (микрокредит мақұлданғаннан кейін ұсынылады) электрондық құжат түпнұсқа (берілген күннен бастап күнтізбелік 30 күнге дейінгі мерзімде уәкілетті тұлға түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірмеге жол беріледі)/кредиттік бюродан электрондық форматтағы мәліметтер |
|
|
7. |
Бағалау туралы есеп |
түпнұсқа/электрондық құжат |
|
|
8. |
Кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар |
мемлекеттік деректер базасынан көшірме/ электрондық мәліметтер |
құжаттардың көшірмелері түпнұсқамен салыстырылады |
|
|
Ауылдық елді мекендерде және |
|
|
Нысан |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың жергілікті атқарушы органына және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға
Әкімшілік деректер нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Микрокредиттерді нысаналы пайдалану туралы есеп
Әкімшілік деректер нысанының индексі: № 1-МК нысаны
Жиілігі: ай сайын
Есепті кезең: 20 __ жылдың ________ айы
Ақпарат беретін тұлғалар тобы: ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың жергілікті атқарушы органы, сенім білдірілген өкіл (агент).
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі:
сенім білдірілген өкіл (агент) ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың жергілікті атқарушы органына ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-не дейінгі мерзімде;
ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың жергілікті атқарушы органы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде.
|
Р/с № |
Қарыз алушының атауы |
Жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес-сәйкестендіру нөмірі |
Жобаны іске асыру орны |
|||||||
|
облыс |
әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші бойынша код |
аудан |
мекенжайдың тіркеу коды |
ауылдық округ |
мекенжайдың тіркеу коды |
ауыл |
мекенжайдың тіркеу коды |
|||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
кесте жалғасы
|
жобаның бағыты |
қарыз алушының санаты |
өндірілетін өнім / қызмет |
микрокредит берілген күн |
микрокредит мерзімі |
микрокредит сомасы (теңге) |
|
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
|
|
|
|
|
|
|
кесте жалғасы
|
Сыйақы мөлшерлемесі |
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ)бойынша кодты көрсете отырып, экономика саласы |
Ісін жаңа бастаған, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер |
Ауыл шаруашылығы кооперативіне қатысушы мәртебесі |
Қатысушы болып табылатын ауыл шаруашылығы кооперативінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі |
Құрылған жұмыс орындарының саны |
|
18 |
19 |
20 |
21 |
22 |
23 |
|
|
|
|
|
|
|
"Микрокредиттерді нысаналы пайдалану туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Атауы_____________________________________________________
Мекенжайы__________________________________________________
Телефоны_______________________________________________________
Электрондық почтасының мекенжайы_____________________________
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға
______________________________________
(қолы / электрондық цифрлық қолтаңбасы)
______________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
|
|
"Микрокредиттерді нысаналы |
"Микрокредиттерді нысаналы пайдалану туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсініктеме
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
|
|
Ауылдық елді мекендерде және |
|
|
Нысан |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың жергілікті атқарушы органына және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға
Әкімшілік деректер нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің микрокредиттерді нысаналы пайдалануы туралы есеп
Әкімшілік деректер нысанының индексі: № 2-МК нысаны
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезең: 20 ___ жылдың ________ айы
Ақпарат жинайтын тұлғалар тобы: ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың жергілікті атқарушы органы, сенім білдірілген өкіл (агент)
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі:
сенім білдірілген өкіл (агент) ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың жергілікті атқарушы органына ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-не дейінгі мерзімде;
ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың жергілікті атқарушы органы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-на дейінгі мерзімде
|
Р/с № |
Жобаны іске асыру орны |
Қарыз алушының атауы |
бизнес сәйкестендіру нөмірі |
қызмет түрі |
|||||||||
|
облыс |
әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші бойынша коды |
аудан |
мекенжайдың тіркеу коды |
ауылдық округ |
мекенжайдың тіркеу коды |
ауыл |
мекенжайдың тіркеу коды |
||||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
кестенің жалғасы
|
Микрокредит сомасы |
Микрокредит мерзімі |
микрокредиттің нысаналы бағыты |
ауыл шаруашылығы кооперативіне қатысушының мәртебесі |
өндірілетін өнім / көрсетілетін қызмет |
құрылған жұмыс орындарының саны |
ауыл шаруашылығы кооперативі мүшелерінің саны |
|
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
|
|
|
|
|
|
|
|
"Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің микрокредиттерді нысаналы пайдалану туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Мекенжайы_____________________________________________________
Телефоны_______________________________________________________
Электрондық почтасының мекенжайы ______________________________
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға
______________________________________
(қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)
______________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
|
|
"Ауыл шаруашылығы |
"Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің микрокредиттерді нысаналы пайдалануы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсініктеме
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК