«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауылшаруашылық, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 2015 жылғы
18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабаның 5-тармағына, «сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау үлгілік қағидаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауылшаруашылық, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекеме қазметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
- Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс тобының (одан әрі – Жұмыс тобы) құрамы бекітілсін.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің негізі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үлгілік қағидаласының 8 тармағында көрсетілген бағытты анықтау.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жалпы кезеңі 2024 жылғы 1 маусымнан 30 маусымға дейін белгіленсін.
- Талданатын кезең 2023 жылғы 1 сәуірден 2024 жылғы 1 сәуірге дейін.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді аяқтағаннан кейін 3 жұмыс куні ішінде жұмыс тобы «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауылшаруашылық, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің башысына келісілген аналитикалық анықтаманы ұсынсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ауыл ауылшаруашылық, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары О. А. Ареновке жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданының
ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік
және ветеринария бөлімі» КММ басшысы А. Шайсултанов