Сыбайлас жемқорлыққа ішкі талдау жүргізу туралы.

2026 жылғы 1 маусымнан 30 маусымға дейін Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының «Ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» КММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жыл сайын жүргізіледі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының бірі болып табылады, ол қоғамдық кеңес мүшелерін тарта отырып, тікелей ұйымдардың өздерімен жүргізіледі.

Талдау барысында салалық заңнамада және ұйымдық-басқарушылық қызметте кадрларды басқару, мемлекеттік қызметтер көрсету, қаржылық-шаруашылық қызмет, мемлекеттік сатып алу жүргізу және т.б. мәселелерді қамтитын әртүрлі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері айқындалады.

Дата публикации
12 мая 2026