Кәсіпкерлік саласының 2025 жылғы қорытындысы бойынша ақпарат

Кәсіпкерлік саласының 2025 жылғы қорытындысы бойынша ақпарат

Өнеркәсіп

Аудан аумағында тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында жоғары сапалы қиыршық тас өндіретін 7 кәсіпорын және кварц құмын өндіретін 2 кәсіпорын жұмыс істейді.

2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2303,4 млн теңгені, нақты көлем индексі (НКИ) 92,5% құрады.

Оның ішінде:

  • Тау-кен өндіру өнеркәсібі – 1003,3 млн теңге, НКИ 103,3% (құм – 21,5 мың текше метр, қиыршық тас – 411,5 мың текше метр);
  • Өңдеу өнеркәсібі – 879,9 млн теңге, НКИ 87,4%;
  • Электр энергиясымен жабдықтау – 350,9 млн теңге, НКИ 75,3%;
  • Сумен жабдықтау – 69,2 млн теңге, НКИ 76,9%.

Инвестициялар

2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 18942,8 млн теңгені құрады (2024 жылдың қаңтар-желтоқсанында – 15962,1 млн теңге), НКИ 111%. Оның ішінде жеке инвестициялар – 9776,1 млн теңге, НКИ 116,2%.

Бөлшек сауда

2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында бөлшек сауда көлемі 2408,5 млн теңгені, НКИ 105,0% құрады (2024 жылдың қаңтар-желтоқсанында – 2080,8 млн теңге). Ауданның көтерме тауар айналымы 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 11341,5 млн теңгені құрады (2024 жылы – 1957,1 млн теңге), НКИ – 561%.

Шағын және орта бизнесті дамыту

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауданда жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 795 бірлікті немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 96,8% құрады. Оның ішінде:

  • Жеке кәсіпкерлер – 392 бірлік;
  • Шағын кәсіпкерлік субъектілері – 106 бірлік;
  • Орта бизнес субъектілері – 3 бірлік;
  • Шаруа қожалықтары – 294 бірлік.

Ақжар ауданының аумағында ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған жалпы сомасы 5,0 млрд теңгеден астам 4 инвестициялық жоба іске асырылуда:

  1. «Эрсалды» ШҚ: «Қазақтың ақбас және абердин-ангус тұқымды 5 000 бас ірі қара малға арналған асыл тұқымды репродуктор құру» жобасы. Құны 1,0 млрд теңгеден астам («Солтүстік» ӘКК арқылы қарыз қаражаты).

Қазіргі уақытта жоғары өнімді мал басын қалыптастыру мақсатында жақын және алыс шетелдерден асыл тұқымды мал сатып алу нұсқалары қарастырылуда. Кепілдік қамтамасыз ету бойынша барлық құжаттар тексеріліп, толық дайын.

Шаруашылық өсімдік және мал шаруашылығын жоспарлы түрде дамыта отырып, ауыл шаруашылығы салаларын кешенді дамытуды жүзеге асыруда.

  1. «Бекет» ШҚ: Талшық ауылындағы «Астық және майлы дақылдарды қабылдау мен сақтауға арналған элеватор құрылысы» жобасы. Құны – 1,2 млрд теңге, қуаттылығы – жылына 18 000 тонна. 15 тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Жобаны іске асыру астықты сенімді сақтау мен кептіруді қамтамасыз етеді және жергілікті тұрғындар үшін тұрақты жұмыс орындарын ашады.

  1. «Нур КААД Агро» ЖШС: Ленинградское ауылындағы «200 га жерді суару» жобасы. Жалпы құны – 180,0 млн теңге.

Жоба аясында көкөніс дақылдарын (сәбіз, картоп), сондай-ақ мал азықтық дақылдар мен грек жаңғағын өсіру жоспарлануда.

Бүгінгі таңда «China Yulin Irrigation Equipment Co., Ltd.» компаниясынан 100 млн теңгеге 2 түрлі суару жүйесі (2 айналмалы, 1 фронталды) сатып алынды. Жүйелерді орнату және монтаждау жұмыстары осы жылдың екінші тоқсанында жалғасады.

  1. «Талшык Астык LTD» ЖШС: «Жемдік ұн өндіретін ұн тарту зауытының құрылысы» жобасы. Жылдық қуаттылығы – 317 мың тонна дайын өнім. Болжамды құны – 2,2 млрд теңге. 30 тұрақты жұмыс орны құрылады. Жемдік ұнды ҚХР-ға экспорттау жоспарлануда.

 

Дата публикации
28 апреля 2026