GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Мәслихат аппараты
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Все материалы
12 октября 2026
Бөрлі аудандық мәслихатының кезектен тыс XXXIX сессиясы өтті

Бүгін Бөрлі аудандық мәслихатының кезектен тыс XXXIX сессиясын мәслихат төрағасы К.Ермекбаев жүргізді. Сессияға аудан әкімі Е.Ихсанов, облыстық мәслихатының депутаттары А.Агаев, Ж.Курманкулов, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, Ақсай қаласы және ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.

Сессияның күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

- Бөрлі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №25-17 «Аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. 

- Бөрлі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №10-17 «Учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

Депутаттар округтік және учаскелік сайлау комиссияларында қалыптасқан  бос орындарға қайта сайлау өткізді.

 

Аудандық мәслихаттың округтік және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы шешімдеріне өзгерістер енгізілді.

06 октября 2026
Бөрлі аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясын шақыру туралы

Бөрлі аудандық маслихат төрағасының

ШЕШІМІ

 

   Ақсай   қаласы                         №  38                                 6  қазан  2026 жыл

   

Бөрлі аудандық мәслихатының

кезектен тыс сессиясын шақыру туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 және 18 -баптарына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:

Бөрлі аудандық мәслихатының кезектен тыс  отыз тоғызыншы  сессиясы                           2026 жылдың 12 қазан күні сағат  15.00-да аудан әкімдігінің мәжіліс залында шақырылсын. Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселе ұсынылсын:

 

  1. Бөрлі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №10-17 «Учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы», 2023 жылғы 17 қаңтардағы №25-17 «Аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Баяндамашы: мәслихат аппаратының басшысы Б.Б.Мукашева

  1. Басқа мәселелер.

 

Бөрлі аудандық

мәслихатының төрағасы                                     К.Т.Ермекбаев

 

 

 

 

 

28 сентября 2026
Аудандық мәслихаттың кезекті сессия отырысы мәслихат төрағасы К.Ермекбаевтың төрағалығымен өтті.

Аудандық мәслихаттың кезекті сессия отырысы мәслихат төрағасы К.Ермекбаевтың төрағалығымен өтті. 

Сессияның күн тәртібінде: Білім беру ұйымдарында оқу процесінің ұйымдастырылуы, білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тамақтандыру туралы, Бөрлі ауданы аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бақылау және қадағалау шараларының жүзеге асырылуы туралы мәселелер қаралды. 

Сонымен қатар, аудандық, Ақсай қаласы және ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер енгізіліп, депутаттар  Ақсай қаласының бас жоспарын бекітті. 

Бөрлі ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия құрамына, аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясын сайлау туралы” шешімдеріне өзгерістер енгізіліп, аудандық мәслихат аппараты Ережесінің жаңа редакциясы   қабылданды.

28 сентября 2026
Аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссия отырысы өтті

24 қыркүйек күні аудандық мәслихатының бірлескен тұрақты комиссия отырысы депутат М.Дияровтың төрағалығымен өтті. Комиссия отырысына мәслихат төрағасы К.Ермекбаев, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары қатысты.

Отырыста аудан, Ақсай қаласы және ауылдық округтер бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы мәселелер бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Шамгонова баяндады. Мәслихат депутаттары К. Ермекбаев, Б. Гадельшиев және С. Дүйсенов бюджетке қатысты бірқатар сұрақтар қойып,  жауаптар алды.

 Сонымен қатар, комиссия отырысында Ақсай қаласының бас жоспары қаралып, жан-жақты талқыланды. Мәслихат депутаттары ұсынылған бас жоспармен танысып, бас жоспардың мерзімі, қамтылатын халық саны, санитарлық қорғау, промзона аймақтары, полигон бойынша сұрақтар көтерді.

 Күн тәртібіндегі қаралған барлық мәселелер кезекті сессияның күн тәртібіне енгізілді.

25 сентября 2026
Бөрлі ауданы бойынша округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына қосымша сайлау туралы Бөрлі аудандық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

Бөрлі ауданы бойынша округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына қосымша сайлау туралы  Бөрлі аудандық мәслихатының

ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихаты округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына  қосымша  сайлау туралы  хабарлайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына аталған саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы белгіленген нысандағы электронды және қағаз түрінде мәліметтер; 

2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы  саяси партияның,  қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің),  жоғары тұрған сайлау комиссияларының шешімдерінен үзінді;

3) саяси партияны,  қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына белгіленген нысан бойынша қатысуға келісімі туралы өтініштері;

Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылдың 25 қыркүйектен бастап 2026 жылдың  9 қазанға   дейін дүйсенбі мен жұма аралығында сағ. 09:00-ден 18:00-ға дейін, үзіліс сағ.13:00-ден 14:30-ға дейін.

Округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына үміткерлер туралы ұсыныстарды Бөрлі аудандық мәслихаты мына мекенжайда қабылдайды: 090300 БҚО Ақсай  қаласы, Әл- Фараби көшесі,99, №203 кабинет.

Құжаттарды тіркеуге және қабылдауға жауапты –аудандық мәслихат аппаратының басшысы Б.Б.Мукашева, байланыс телефондары: 8(71133)20136, 8(71133)20808,  эл. пошта:  maslihat@maslihatburlin.gov.kz

 

Округтік және учаскелік  сайлау комиссияларындағы бос орындар туралы мәлімет

 

№р/с

Сайлау комиссия

атауы

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

Бос орындар саны

1

округтік

№1

БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы  Қызылтал ауылы Сайқұдық көшесі 1, «БҚО әкімдігі білім басқармасының Бөрлі ауданы білім  беру бөлімінің «Ақсай қаласының №7  жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  ғимараты

1

2

округтік

№2

БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы,  10 ықшам ауданы Халықтар достығы 6Б құрылысы, «Қарашығанақ» дене шынықтыру-сауықтыру кешені»  ғимараты

 

 

1

3

округтік

№3

БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы  Сырыма Датова 21, "Ақсай" мәдени-буқаралық,  ұлттық  ат спорты кешені " МКҚК

 

3

4

округтік

№4

БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы  10 ықшам ауданы «БҚО әкімдігі білім басқармасының Бөрлі ауданы білім  беру бөлімінің «Ақсай қаласының №6  мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты

 

2

5

округтік

№6

БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы,  И.Ващук көшесі,1/1,   «Бөрлі аудандық  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Бөрлі аудандық демалу орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның Бөрлі аудандық  «Достық үйі» ғимараты

 

1

6

округтік

№7

БҚО, Бөрлі ауданы Ақсай қаласы   Железнодорожная көшесі 84. «БҚО әкімдігі білім басқармасының Бөрлі ауданы білім  беру бөлімінің «Ақсай қаласының №2  жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты

 

1

7

округтік

№10

БҚО Бөрлі ауданы

 Бөрлі ауылы  Амангельдинская көшесі 68, «Бөрлі ауданының  орталықтандырылған кітапханалар жүйесі»  мемлекеттік мекемесінің  « Бөрлі ауылдық модельдік  кітапхана»    ғимараты

 

1

8

округтік

№11

БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласы  Абай даңғылы 36/1, «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты

3

9

округтік

№12

БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласы Аралтал ауылы   Ақжол көшесі 11, «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  ауылдық кітапхана ғимараты

 

1

10

округтік

№13

БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласы  Ақсай қаласы Деповская көшесі 97а,  «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты

 

1

11

учаскелік

№77

Ақсай қаласы, 4 ықшам ауданы, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің "Ақсай қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

1

12

учаскелік

№79

Кеңтүбек ауылы, Тәуелсіздік көшесі, № 63, "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің "Кеңтүбек жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

1

13

учаскелік

№82

Ақсай қаласы, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Бөрлі аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ғимараты.

1

14

учаскелік

№83

Ақсай қаласы, Железнодорожная көшесі, № 125/3 үй, "Бөрлі ауданы әкімдігінің "Балалар өнер мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

3

15

учаскелік

№84

Қарағанды ауылы, Тарасенко көшесі, 32 А үй, ауылдық клубтың ғимараты.

3

16

учаскелік

№85

Достық ауылы, Жамбыл атындағы көшесі, 8 үй, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты

1

17

учаскелік

№86

Ақсу ауылы, Достық көшесі, 26 үй, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.

2

18

учаскелік

№87

Ақсай қаласы, Железнодорожная көшесі 161, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Бөрлі аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ғимараты.

2

19

учаскелік

№88

Ақсай қаласы, Әл-Фараби көшесі, №95 үй, аудандық мәдениет үйінің ғимараты.

2

20

учаскелік

№89

Ақсай қаласы, Ықсанов көшесі, № 83 үй, "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің Ақсай қаласының № 1 мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. 

3

21

учаскелік

№90

Ақсай қаласы, Ықсанов көшесі, № 83 үй, "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің Ақсай қаласының № 1 мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

2

22

учаскелік

№95

Бөрлі ауылы, Садовая көшесі, 93 үй, Батыс Қазақстан облысының әкімшілігі білім басқармасының "Ауылшаруашылық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

2

23

учаскелік

№96

Қанай ауылы, Ленин көшесі, 32 үй, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.

1

24

учаскелік

№98

Димитрово ауылы, Луговая көшесі, 20 үй, ауылдық клубтың ғимараты.

2

25

учаскелік

№101

Успеновка ауылы, Советская көшесі, 11 үй, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.

1

26

учаскелік

№102

Ақбұлақ ауылы, Алгабасская көшесі,1 үй, ауылдық клубтың ғимараты.

1

27

учаскелік

№103

Пугачев ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 20 үй, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.

1

28

учаскелік

№104

Аралтал ауылы, Ақжол көшесі, 11 үй, «Бөрлі ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

1

29

учаскелік

№106

Қарақұдық ауылы, Ленин көшесі, 11 үй, ауылдық клубтың ғимараты.

1

30

учаскелік

№107

Приурал ауылы, Куриленко атындағы көшесі, 45 үй, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.

1

31

учаскелік

№108

Жарсуат ауылы, Желтоқсан көшесі, 3 үй, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.

2

32

учаскелік

№110

Бумакөл ауылы, Аманжол Ғұсманов көшесі, 1 үй, ауылдық клубтың ғимараты.

1

33

учаскелік

№161

Ақсай қаласы, Әл-Фараби көшесі, № 56/1 үй, "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің "Ақсай қаласының № 5 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

2

 

Ұсынымдарға 5.1-қосымша

Нысан

 

_____________________________________________________

(мәслихаттың толық атауы)

 

Төрағасы__________________________________

 

_________________________________________________________

(өтініш берушінің Т.А.Ә.)

 

_______________________________________________тұратын

                                                                                         (облыс,  Астана қ, Алматы қ, Шымкент қ,

 

_________________________________________________________

аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)

 

______________________________________________________

(ұялы телефондардың нөмірлері)

 

 

Өтініш

 

Мен,__________________________________________________________________________

    (өтініш берушінің Т.А.Ә.)

 

______________________________________________________________________       (саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы) ұсынылған Қазақстан Республикасының азаматы, №_______ округтік / учаскелік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға өз келісімімді беремін.  Сайлау органдарында жұмыс тәжірибем бар _______________________________________

( иә, ___ жыл/ жоқ)

 

Өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығым жоқ.

Саяси мемлекеттік қызметші лауазымын атқармаймын.

Мен Парламент, мәслихат депутаты, әкім, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі немесе Қазақстан Республикасы соттарының судьясы емеспін.

Уәкілетті органдарға заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығымның,  iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi екенімді тану туралы сот шешімінің жоқтығы мәніне сауалдар жіберу үшін менің ЖСН-ді пайдалануға келісімімді беремін.

 

20    жылғы «____»____________                                        _________________________

                        (өтініш берушінің қолы)

Өмірбаяндық деректер:

 

Туған күні  19 _____ жылғы «____» _______________

Жеке сәйкестендіру номері (ЖСН) _____________________________________________________

Ұлты* _______________________________

Партиядағы мүшелігі * _______________________________________________________________

Білімі   _____________________________________________________________________________

Мамандығы  _________________________________________________________________________

Жұмыс орны немесе кәсіп түрі __________________________________________________________

Атқаратын қызметі ____________________________________________________________________

Жеке куәліктің деректері _____________________________________________________________

                                            (куәлік нөмірі, қашан және кім берген)

               Комиссия құрамын қалыптастыратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын 18 жастан асқан жақын туыстарым туралы мәліметтерді қоса тіркеймін**.

 

Ескертпе:

* Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабы 1-тармағына сәйкес ұлты мен қай партияға жататыны кандидаттың қалауы бойынша көрсетіледі.

** Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға інілері мен апа-сіңілілері, қарындастары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

 

Өтінішке қосымша

 

Жақын туыстары  туралы мәліметтер __________________________________________________________________

(өтініш берушінің Т.А.Ә.)

 

р/б

Жақын туысқандарының тегі, аты, әкесінің аты

(болған кезде)

ескертпе

1.                   

 

әкесі

2.                   

 

анасы

3.                   

 

ұлы

4.                   

 

қызы

5.                   

 

ағасы

6.                   

 

әпкесі

7.                   

 

атасы

8.                   

 

әжесі

9.                   

 

немересі

10.                

 

жұбайы (зайыбы)

 

24 сентября 2026
23 қыркүйек күні аудандық қоғамдық кеңес отырысы қоғамдық кеңес төрағасы Б.Макеевтің төрағалығымен өтті

Отырысқа аудан әкімі Е.Ихсанов, мәслихат төрағасы К.Ермекбаев, бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі «Қанай ауылдық округ әкімі аппаратының атқарған жұмысы мен көрсететін мемлекеттік қызметтері туралы» мәселе бойынша Қанай ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Д.Урбулатова баяндап, назарға алынды.

Қоғамдық кеңес мүшелері аудандық, Ақсай қаласы және ауылдық округтер бюджеттеріне және тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидаларына өзгерістер енгізу туралы мәслихаттың шешім жобаларын мақұлдады.

23 сентября 2026
22 қыркүйек күні аудандық мәслихатының депутаттарынан құрылған жұмыс тобы, білім беру бөлімінің басшысы А.Тржанова Ақсай қаласының №1 бөбекжайына барып, балабақшаның тыныс-тіршілігімен танысты

22 қыркүйек күні аудандық мәслихатының депутаттарынан құрылған жұмыс тобы, білім беру бөлімінің басшысы А.Тржанова Ақсай қаласының №1 бөбекжайына барып, балабақшаның тыныс-тіршілігімен  танысты.

Жұмыс барысында балалардың қауіпсіздігі, тамақтану жағдайы, оқу-тәрбие процесі қаралды. Депутаттар балабақша ұжымымен пікір алмасып, көтерілген мәселелермен ұсыныстарды назарға алды. Балаларға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бірінші кезекте.

23 сентября 2026
Мектеп жанындағы интернаттағы жағдаймен танысу

Мәслихат депутаттары№5 мектеп жанындағы интернатқа барып, білім алушыларға жасалған жағдаймен танысты. Сапар барысында интернаттың жұмысы, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастырылуы, және тәрбиелік бағыттағы жұмыстары көрсетілді. Интернатта 19 бала білім алып, тәрбиелінуде. Балаларға қажетті жағдай жасалып, күніне бес мезгіл тамақтану ұйымдастырылған.

Ерекше назар интернаттың аумағындағы балалардың еңбекке баулуға арналаған жеке учаскесіне аударылды. Оқушылар көктемгі егіс жұмыстарынан бастап, көкөністер мен басқа да дақылдарды өздері егіп суарып, күтіп баптайды. Бұл-балалардың еңбекке қызығушылығын арттырып, жауапкершілікке және табиғатты бағалауға тәрбиелейтін маңызды тәжірибе. Депутаттар оқушылардың, интернат ұжымының ұсыныстары мен көтерген мәселелерін тыңдады. Сонымен қатар депутаттар интернатқа материалдық қолдау көрсетуге ниет білдіріп, балаларға жасалып отырған жағдайды жақсартуға өз үлестерін қосуға дайын екендерін жеткізді.

23 сентября 2026
Жаңа мектеп – жайлы білім ордасы

Мәслихат депутаттары А.Агаев, Б.Гадельшиевв, Е.Мергалиев, А.Елеусинова, Б.Дюсенов және аудандық білім беру бөлімінің басшысы А.Тржанова жаңа оқу жылында есігін ашқан №9  жайлы мектепке барып, мұндағы білім беру ортасымен танысты. Мектеп 1 қыркүйектен бастап оқушыларды қабылдап, бүгінде 760 бала білім алуда. Сапар кезінде заманауи оқу кабинеттері, спорттық нысандар, асхана, кітапхана және оқушыларға арналған басқа да мүмкіндіктер назарға алынды. Мектептің материалдық-техникалық базасы қазіргі талаптарға сай жабдықталған. Депутаттар мектеп ұжымымен кездесіп оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуы жөнінде пікір алмасты. Оқушыларға сапала білім алып, өз қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай жасалғаны атап өтілді.

31 августа 2026
Бөрлі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 32-1 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Бөрлі аудандық мәслихатының

2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 32-1 «2026-2028 жылдарға

арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне  өзгерістер енгізу туралы

 

 

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Бөрлі аудандық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 32-1 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2026 – 2028 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 46 537 167 мың теңге:

салықтық түсімдер – 42 125 435 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 197 332 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 101 825 мың теңге;

арнаулы түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі – 3 112 575 мың  теңге;

2) шығындар – 48 218 056,1 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 2 100 201 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 2 716 080 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 615 879 мың теңге;

4) қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржылық активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 3 781 090,1 мың теңге;

6) бюджеттің  мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) - 0 теңге;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –  3 781 090,1 мың теңге;

қарыздар түсімі – 5 922 771 мың  теңге;

қарыздарды өтеу – 2 159 791 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 18 110,1 мың теңге.»;

5 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«5. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің және кредиттердің жалпы сомасы 8 442 276 мың теңге көлемінде ескерілсін:

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге – 35 240 мың теңге;

кепілдендірілген әлеуметтік пакет – 6 798 мың теңге;

Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға – 123 989 мың теңге;

халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға – 1 466 680 мың теңге;

Бөрлі ауданы Бөрлі ауылындағы Октябрьская, Амангелді Иманов, А.Л.Ковалев, Жамбыл Жабаев, Лесная, Куспинская, Степная, Колхозная көшелері бойынша автокөлік жолдарын қайта жаңарту – 920 792 мың теңге;

Бөрлі ауданы Пугачево ауылының негізгі бөлігінің кентішілік жолдарын салу – 705 488 мың теңге;

Бөрлі ауданының Ақсай қаласы оныншы шағын ауданында №26 тоғызқабатты көппәтерлі тұрғын үй салу (сыртқы инженерлік желілерсіз және абаттандырусыз) – 1 865 128 мың теңге;

        Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы 4,5 канализациялық насосты  станциясынан кәріз тазалайтын қондырғыға дейінгі кәріз жүйесін қайта жаңарту - 339 451 мың теңге;

        Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы 4,5 канализациялық насосты станциясынан  өндірістік аймаққа дейінгі кәріз жүйесін қайта жаңарту – 935 442 мың теңге;

        Бөрлі ауданы Ақсай қаласының оңтүстік (ішінара) және солтүстік бөлігіндегі су құбыры жүйесін қайта жаңарту – 1 300 898 мың теңге;

        Бөрілі ауданы KLBR-2 Амангелді-Жарсуат автомобиль жолы Подстепное-Теректі- Ресей Федерациясы шекарасы айналма жолынан Жаңаталап кентіне дейінгі учаскесіне 16,8 шақырым (нақты ұзындығы 14,310 шақырым) орташа жөндеу – 360 133 мың теңге;

        Бөрлі ауданы Бөрлі ауылындағы су құбырын реконструкциялау – 250 832 мың теңге;

       тұрғын үй сертификаттарын беру – 100 000 мың теңге;

       қаңғыбас жануарлардың санын реттеуді ұйымдастыру – 2 405 мың теңге;

       Бөрлі ауданы Ақсай қаласы бойынша шекті жол берілетін шығарындылардың жиынтық томын әзірлеу – 29 000 мың теңге.»;

       аталған шешімнің 1 – қосымшасына осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Мәслихат төрағасы                                           К.Ермекбаев

 

 

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы