ЖОБА
«2024-2026 жылдарға арналған
аудандық бюджет туралы»
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) кірістер – 15 569 042 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 8 334 174 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 67 696 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 152 705 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша – 7 014 467 мың теңге;
2) шығындар – 15 470 523 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 244 604 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 687 553 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 442 949 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 146 085 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –146 085 мың теңге:
қарыздар түсімі – 1 530 763 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 1 384 678 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.
Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға - 29 226 мың теңге;
мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, ұйымдар жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің жалақысын арттыруға - 5 982 мың теңге;
мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға бюджеттік кредиттер беруге – 287 976 мың теңге;
халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға – 630 131 мың теңге;
«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға – 232 624 мың теңге;
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және (немесе) жайластыруға - 816 854 мың теңге;
ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға - 522 049 мың теңге;
шағын және моноқалалардағы бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға - 991 775 мың теңге;
қалаларда сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға - 1 160 326 мың теңге;
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға - 150 000 мың теңге.
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге - 64 030 мың теңге;
кепілдендірілген әлеуметтік пакет - 15 817 мың теңге;
үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға - 10 143 мың теңге;
Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға - 76 466 мың теңге;
Бөрлі ауданы Кентубек – Караганды - Аккудук 0-57 шақырым автожолының 0-14 шақырым учаскесін орташа жөндеу - 900 000 мың теңге;
Бөрлі ауданы Жарсуат ауылына кіреберіс автожолын күрделі жөндеу - 320 063 мың теңге;
Бөрлі ауданы Кентүбек ауылына кіреберіс автожолын күрделі жөндеу - 91 166 мың теңге;
Бөрлі ауданы Бумакөл ауылына кіреберіс автожолын күрделі жөндеу - 263 620 мың теңге;
Бөрлі ауданының Ақсай қаласы оныншы шағынауданында №27А тоғызқабатты көппәтерлі тұрғын үй салу (сыртқы инженерлік желілерсіз және абаттандырусыз) - 355 334 мың теңге;
Бөрлі ауданының Ақсай қаласы оныншы шағын ауданында №26 тоғызқабатты көппәтерлі тұрғын үй салу (сыртқы инженерлік желілерсіз және абаттандырусыз)-887 453 мың теңге;
Бөрлі ауданы Ақсай қаласы бесінші шағын ауданының су құбыры желілерін қайта жаңғырту - 49 696 мың теңге;
Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы төртінші шағын ауданының су құбыры желілерін қайта жаңғырту - 60 911 мың теңге;
Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы оныншы шағын ауданының су құбыры желілерін қайта жаңғырту-21 420 мың теңге;
Бөрлі ауданы Бөрлі ауылындағы жеке тұрғын үй құрылысына арналған аумақты газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау инженерлік-коммуникациялық желілерін салу. Түзету (су құбыры желілерін алынып тасталды) - 146 317 мың теңге;
Бөрлі ауданы Димитрово ауылында су құбырының құрылысы - 29 703 мың теңге;
Бөрлі ауданы Қарашығанақ ауылында су құбырының құрылысы - 33 705 мың теңге;
Бөрлі ауданы Успеновка ауылындағы су құбырын қайта құрылымдау (түзету) - 58 005 мың теңге;
Бөрлі ауданы Ақсай қаласының екінші, үшінші шағынаудандарының автожолының құрылысы - 22 507 мың теңге;
Бөрлі ауданы Ақсай қаласы, бес А ықшамауданының автожолының құрылысы - 18 483 мың теңге;
Бөрлі ауданы Ақсай қаласының Солтүстік көшесінде жолының құрылысы - 51 406 мың теңге;
Бөрлі ауданы Ақсай қаласында Береке көшесінде жолының құрылысы - 64 426 мың теңге;
Бөрлі ауданы Жарсуат ауылында ауылішілік жолдарының құрылысы - 32 799 мың теңге.
Мәслихат төрағасы К.Ермекбаев