Миссиясы: мемлекеттік мекеме өнеркәсіп салалары, индустриялық – инновациялық саясат, Инвестициялар, кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын орындауға уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.
Тапсырмалар:
– Қазақстан Республикасының Заңдарына және өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес ауданның шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау;
- Шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерінде ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының өңірлік бағдарламаларының орындалуын үйлестіру және бақылау;
- Шағын және орта кәсіпкерліктің көрсеткіштері бойынша экономикалық талдау, болжау және есептілік;
- Үдемелі-индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру;
- Инвестициялық жобаларды іске асыру және өндірісті жаңғырту;
- Жүйе құраушы кәсіпорындардың тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін сатып алудағы қазақстандық қамту үлесін ұлғайту.
| Мекенжайы: | Ботақара кенті, Қазыбек би көшесі, 50А |
| E-mail: | opip.bzh@karaganda-region.gov.kz |
| Жұмыс телефоны: | 8 (72154) 216-67, 222-30 |




