2026 жылғы 4 ақпанда Дүниежүзілік сайлау күнін мерекелеу аясында Ғ.Мұстафин кентінде Бұқар жырау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасының орынбасары Д.М.Құтжановтың, аудан әкімінің кеңесшісі Ш.Р.Құрбановтың, ауыл әкімі Ғ.Мұстафин Б.Қ.Ускембекованың қатысуымен қатысуымен «Сайлау принциптері – сайлаушылар сенімінің негізі» тақырыбында құқықтық, институционалдық және азаматтық қағидалардың қалыптасқан жүйесінің нәтижесі ретінде таңдауды түсінуді көрсететін семинар-кеңес өтті.
Бұл жиында сайлау құрылымының негізін құрайтын Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының стратегиялық қағидаттары түсіндірілді. Сондай-ақ Ғ.Мұстафин кенті және Тұзды ауылы сайлау комиссияларының мүшелеріне мүгедектердің сайлау құқықтарын қамтамасыз етудің қолданыстағы ережелері түсіндірілді, соның ішінде мүгедектердің дауыс беруінде жаңа технологиялық шешімдерді пайдалану, сонымен қатар сайлау саласындағы қолданыстағы заңнамалар түсіндіріліп, қоғам өміріне инклюзивтілікті енгізу мәселелері талқыланып, мүмкіндігі шектеулі жандардың сайлау құқықтары түсіндіріліп, талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Бұқар жырау ауданы әкімінің кеңесшісімен бірлесіп, азаматтармен жеке кездесу өткізіп, сайлауға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.




27 қаңтарда Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясымен Дүниежүзілік сайлау күнін атап өту және қолданыстағы сайлау заңнамасын түсіндіру мақсатында Ботақара кентінің мәдениет үйінде бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерімен кездесу өткізілді.

Халық үшін маңызды ақпарат!
Мемлекеттік кірістер органдарының сервистік тобы туралы үлгілік ережені бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м. а. 2025 жылғы 29 қазандағы № 645 бұйрығына сәйкес Қарағанды облысы бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарында салық органдарымен мемлекеттік қызметтер көрсету және салық міндеттемелерін орындау бойынша салық төлеушілерге ақпараттық-түсіндіру қолдауы бойынша көшпелі сервистік топтар ұйымдастырылды, оның ішінде жеке тұлғалардың декларацияларын жасау және ұсыну бойынша.
Сервистік топ салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін ғана мемлекеттік қызметтер көрсетеді:
1) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
2) еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі 2 (екі) айдан астам белгіленуі мүмкін аурулары бар адамдар;
3) сырттан күтім мен көмекке мұқтаж сексен жастан асқан қарт адамдар;
4) аумағында жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері жоқ шалғай елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар.
Бұқар жырау ауданы бойынша МКБ сервистік тобының құрамы бас мамандар Сковородко Ирина Петровна және Бағынтаев Мирас Арманұлы. Шығу күндері: сейсенбі, бейсенбі.
Сервистік топтың келуіне өтінім беру жоғарыда көрсетілген санаттағы салық төлеушілерден Департаменттің байланыс орталығы арқылы телефон нөмірлері бойынша жүзеге асырылады: (7172) 73 55 15, 8 705 956 53 88
«ЦОН» мобильді қосымшасының жаңа сервисін
3 аптада 4 500-ге жуық адам пайдаланды
2025 жылғы 28 сәуірден бастап «ЦОН» мобильді қосымшасында зейнетақы мен жәрдемақы түрлерін есептейтін пайдалы сервис іске қосылды. Бұл азаматтарға үйден шықпай-ақ алдын ала әлеуметтік төлемдердің мөлшерін шамалауға мүмкіндік беретін ыңғайлы құрал.
Қызмет іске қосылған сәттен бастап 4 470 адам есептеулер жүргізіп үлгерді. Бүгінгі таңда калькулятор арқылы 8 әлеуметтік төлем/жәрдемақы мен зейнетақы түрлері бойынша 5 негізгі санатты есептеуге болады:
Айта кету керек, есептеу пайдаланушы енгізген деректер негізінде жүргізілетіндіктен, төлем нәтижесі шамамен көрсетіледі және ақпараттық сипатта беріледі. Әлеуметтік төлемдердің нақты мөлшері уәкілетті мемлекеттік органға өтініш беруші ұсынған мәліметтер негізінде есептеліп, ресми түрде тағайындалады.
Қызметті пайдалану үшін «ЦОН» мобильді қосымшасын (Google Play және App Store-да қолжетімді) жүктегеннен кейін мемлекеттік биометриялық сәйкестендіру сервисі арқылы авторизациядан өту қажет. Одан кейін тиісті бөлімді таңдап, қажетті деректерді енгізу керек.
Айта кетейік, «ЦОН» мобильді қосымшасы – электрондық қызметтерге жылдам қол жеткізуге мүмкіндік беретін жан-жақты цифрлық арна ретінде қарқынды дамып келеді.
Сұранысқа ие қызметтердің бірі - ХҚКО-ға кезекке тұру мақсатында алдын ала брондау функциясы. Апта сайын қосымша арқылы шамамен 60 000 электрондық талон беріледі, бұл кезекте күту уақытын едәуір қысқартып, қызмет көрсету жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ жүргізуші куәлігін алу үшін қажетті емтиханға жазылу қызметі кеңінен қолданылуда. Апта сайын теориялық емтиханға 8 000-нан астам, ал тәжірибелік емтиханға шамамен 7 000 адам жазылады. Сонымен қатар, сынамалық жүргізу тәжірибесіне тіркелу қызметін апта сайын орта есеппен 1 600 адам пайдаланады.
Қазіргі уақытта «ЦОН» мобильді қосымшасын 670 000-ға жуық пайдаланушы жүктеп, белсенді түрде қолдануда.
Халықаралық отбасы күні:
Қазақстандағы неке мен бала туу көрсеткіші
Халықаралық отбасы күніне орай «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы тіркелген некелер мен дүниеге келген сәбилер саны бойынша еліміздің үздік 5 өңірінің көрсеткішін ұсынады.
Жылдың алғашқы төрт айында Қазақстанда 144 234 сәби дүниеге келіп,
36 818 жұп некеге тұрған.
Туу туралы тіркеулер көрсеткішінің алғашқы бестігі:
Тіркелген некелер саны бойынша алғашқы бестік:
Ресми мәліметтерге сәйкес, жыл басынан бері азаматтық хал актілерінің тіркелуі бойынша сәуір айы көш бастап тұр. Тіркеу бөлімдері бұл айда 37 812 туу туралы және 10 190 неке туралы куәлік берген.
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы барша қазақстандықтарды Халықаралық отбасы күнімен құттықтай отырып, әр шаңыраққа береке, бақыт пен жылулық тілейді.
MХҚКО-ларда жеке тұлғаны сәйкестендіру процесі автоматтандырылды
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында автокөлік иелері мен емтихан тапсырушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін биометриялық сәйкестендіру технологиясы енгізілді.
Бұған дейін мамандандырылған ХҚКО-ларда азаматтарды сәйкестендіруді қызмет алушы ұсынған құжат негізінде қызметкер жүзеге асыратын. Енді рәсімдеу барысында азаматтың түрі суретке түсіріледі, одан кейін оны жүйе автоматты түрде жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасында сақталған суретпен салыстырады. Бұл қызмет көрсету барысында жалған суретті немесе телефон экранындағы фотосуретті қолдануға тосқауыл қояды.
«Біз мемлекеттік қызмет алу жүйесіндегі ашықтықты тек ішінара ететін және заңсыз әрекеттерге жол беретін адами факторды жойдық. Биометриялық сәйкестендіру – заң бұзушылықтар санын азайтып, мамандандырылған ХҚКО-ларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға тікелей жол ашады. Бұл замануи технология мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін толығымен заңды әрі ашық етуге жасалған тағы бір қадам», – деді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Айта кетейік, егер азамат биометриялық сәйкестендіруден өте алмаса, жүйе қызмет көрсету мүмкіндігін бұғаттайды.
Еске сала кетейік, бүгінде мемлекеттік қызметтерді ХҚКО-лардан бөлек электрондық үкімет порталы, сонымен қатар «ХҚКО» мобильді қосымшасы мен екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы да алуға болады.
Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында
Бұқар жырау ауданының Жастар ресурстық орталығының еріктілері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында өздерінің еріктілік қызметін жандандыруда.
— Қазір көктем мезгілі, көпшілік ардагерлеріміздің үй іргесіндегі бау-бақшалары бар. Бірақ жастарының ұлғаюына және денсаулықтарының әлсіреуіне байланысты олар бақша жұмыстары мен үй шаруасын өз бетімен атқара алмайды. Осындай кезде белсенді еріктілеріміз үнемі көмек көрсетуге дайын. Біз ардагерлердің ауласын жинауға, қажет болған жағдайда үй ішін де тазалауға көмектесеміз, — дейді Жастар ресурстық орталығының директоры Меірлан Қали.
Бұл жолы еріктілер Ботақара кентіндегі тыл ардагері Коваленко Раиса Петровнаға барып, сондай-ақ Леоненко отбасына да көмек көрсетті.
Еріктілер ардагерлерді келе жатқан мерекемен құттықтап, жемістер мен тәттілер салынған себет табыс етті. Раиса Петровнадан тапсырма алғаннан кейін олар ауладағы жұмысқа белсене кірісті. Жігіттер күрек пен кетпен алып, бақшаны қопсытса, қыздар терезелерді сыртынан жуды.
Еріктілер Леоненко отбасында да жемісті жұмыс атқарды.
Анатолий Викторович пен Раиса Ивановна — екеуі де тыл еңбеккерлері. Екеуінің де жастары 90-ға таяған. Олар жыл сайын көкөністер мен жидектер отырғызу үшін бау-бақшаларын дайындайды. Бірақ қазір жер қопсыту сынды ауыр жұмыстарды өздері атқара алмайды. Сондықтан еріктілердің келуіне өте қуанышты болды.
Жастар жапырақтар мен қураған шөптерді жинап, палисадник жерін қопсытып, аулаға тәртіп орнатты.
— Бізді ұмытпай, көмек көрсетіп жүргендеріңізге рақмет. Жастардың осындай белсенділігі көңілге қуаныш ұялатады. Сіздердің көмектеріңізсіз бұл шаруаларды атқара алмас едік. Баршаңызға шын жүректен алғыс айтамын, — деді Раиса Ивановна.
Айта кетейік, «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы Бұқар жырау ауданында тұрақты негізде өткізіледі.
Акция аясында белсенділер жалғыз тұратын зейнеткерлерді, ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін аралап, көмек көрсетеді.
Қазақстанда ғашықтар күнінде 500-ден астам шаңырақ құрылды
Қазақстанда жыл сайын 15 сәуірде Ғашықтар күні атап өтіледі. Аталған мерекеге орай биыл «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының АХАТ бөлімдеріне неке қиюға 500-ден астам өтініш түсті. Некелесушілер саны бойынша Алматы, Астана қалалары мен Түркістан облысы көш бастап тұр.
Айта кетейік, 2025 жылдың І тоқсанында Қазақстанда жалпы 23 835 неке тіркелген. Оның басым бөлігі Алматы және Астана қалаларына және Түркістан облысына тиесілі.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде неке қиюға өтінішті АХАТ бөлімдері, электрондық үкімет порталы немесе екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы беруге болады. Мемлекеттік органдар өтінішті 1 жұмыс күні ішінде қарайды, ал неке қию рәсімі 15 күннен кейін таңдалған АХАТ бөлімінде өткізіледі. Егер тіркеу күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, ол автоматты түрде келесі жұмыс күніне ауыстырылады.
Қазақстанда жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу қызметіне сұраныс артты
2024 жылы Қазақстанда жылжымалы мүлікті кепілге қою бойынша 50 902 қызмет көрсетілді. Ал 2023 жылы 28 072 қызмет көрсетілген, яғни 2024 жылы қызметтердің саны 22 830-ға артып, өсім 44,8% құрады.
Жылжымалы мүлікке жылжымайтын мүліктен басқа кез келген мүлік жатады. Олардың қатарына көлік құралдары, ақша, айналымдағы тауарлар, бағалы қағаздар, мүліктік құқықтар және басқа да активтер кіреді.
Заң бойынша автокөліктер, ауыл шаруашылығы техникасы, әуе және теміржол көліктері міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады. Мұндай мүлік кепілге қойылған жағдайда, тіркеу тиісті уәкілетті органдар арқылы жүзеге асырылады.
Міндетті мемлекеттік тіркеуді талап етпейтін жылжымалы мүлік түрлеріне ақша қаражаттары, жабдықтар, мүліктік құқықтар, негізгі құралдар, банк салымдары, бағалы қағаздар, айналымдағы тауарлар, тауарлық-материалдық қорлар, астық және өзге де мүлік жатады.
Кепіл – борышкер қарызын төлей алмаған жағдайда несие беруші оның мүлкін басқаруға мүмкіндік алатын міндеттемелерді қамтамасыз ету тәсілі. Кепіл болған жағдайда несие беруші кепілге қойылған мүлікті сатып, қарызын өтей алады.
Жылжымалы мүлікті кепіл ретінде тіркеу қызметін ХҚКО немесе электронды үкімет порталы арқылы алуға болады. Аталған қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясында өтініш қабылданған сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
ХҚКО-да қызмет алу үшін:
Айта кетейік, кепілді тіркеу Жылжымалы мүліктің кепіл тізіліміне енгізу арқылы жүзеге асырылады. Бұл тізілімде кепілге қойылған мүлік туралы ақпарат сақталады және оның бар-жоғын тексеруге мүмкіндік береді.
Жылжымалы мүлік кепілінің тізіліміндегі кепілден шығару кепіл ұстаушының өтініші негізінде жүргізіледі. Мемлекеттік тіркеу өтініш берушінің тіркеуші органға жүгінуінен кейін жүзеге асырылады.
Қазақстанның МХҚКО-ларында қосымша сервис енгізілді
2025 жылы еліміздің барлық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында «МХҚКО жеке менеджері» сервисі іске қосылды. Аталған сервис қызмет алушыларды басым кезек бойынша қабылдауға мүмкіндік береді, бұл күту уақытын едәуір қысқартады.
Жеке менеджер сервисін қолдану үшін МХҚКО ресепшніне жүгіну керек. Ол азаматтарды кезектен тыс қабылдап, көлік құралдарын тіркеу, есепке қою және есептен шығару, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін беру секілді қызметтер бойынша құжаттарды рәсімдейді.
Қызмет түрі таңдалғаннан кейін жеке менеджер қажетті құжаттарды толтырып, келісім-шартты әзірлейді және оларды уәкілетті мемлекеттік органға жалпы тәртіппен жолдайды.
«Азаматтарға арналған үкімет» – азаматтармен өзара әрекеттесу сапасын, жылдамдығын және тиімділігін үздіксіз арттыруға басымдық беретін және қызмет алушыларға бағдарланған ұйым. Азаматтардың жедел қызметке сұранысын ескере отырып, біз 2024 жылы «Жеке менеджер» қызметін алғаш рет Қазақстанның төрт қаласында пилоттық режимде іске қостық, ал 2025 жылдан бастап аталған сервис елдегі барлық МХҚКО-ларда енгізілді», – деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Айта кетейік, «МХҚКО жеке менеджері» сервисі алғаш рет пилоттық жоба ретінде Астана, Алматы, Шымкент, Орал қалаларында енгізілді. Жарты жыл ішінде жоба өзінің тиімділігін дәлелдеп, ел ішінде қолдану аясы кеңейтілді.
Еске салайық, МХҚКО-ларда құжаттарды дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды. Сенбі күні кезекші МХҚКО-лар 9:00-ден 12:00-ге дейін жұмыс істейді.