Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Полигондардың жағдайы мен рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою туралы

Аудан бойынша 17 тұрмыстық қатты қалдықтар (ТҚҚ) полигонына (Г.Мустафина кенті, Қушоқы кенті, Корнеевка, Ростовка, Центральный, Ақбел, Ақтөбе, Ынтымақ, Белагаш, Шешенқара, Петровка, Доскей, Новоузенка, Қаражар, Жанаталап, Тоғызқұдық және Тұзды ауылдары) құқық белгілеуші құжаттар жасалып, эмиссияға рұқсат алынды. ТҚҚ полигондарын шаруашылық жүргізуші субъектілерге сенімгерлік басқаруға беру бойынша электрондық саудада, Мемлекеттік мүлік реестрінің веб-порталында бірнеше рет жарияланғанымен, ТҚҚ полигондарын сенімгерлік басқаруға алғысы келетіндер жоқ.

Аудан бойынша «ОрталықҚазЖерҚойнауы» мекемесінен 7 жер учаскесі бойынша (Ботақара кенті, Үштөбе, Самарқанд, Гагарин, Қарақұдық, Ақөре және Баймырза ауылдары) бас тарту туралы жауаптар алынды. Аудан аумағында екі ТҚҚ полигоны – Г.Мустафина кенті мен Доскей кентінде жұмыс істейді.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ өткізген ғарыштық мониторинг нәтижесі бойынша Бұқар-Жырау ауданында 20 елді мекенде (315 орын) 198 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталды. Олардың ішінде Ботақара кенті, Қушоқы кенті, Г.Мустафина кенті, Доскей кенті, Үштөбе, Ақтөбе, Гагарин, Қаражар, Қарақұдық, Көкпекті, Қызылқайын, Жанаталап, Петровка, Ростовка, Самарқанд, Суықсу, Тоғызқұдық, Тұзды, Центральный, Баймырза ауылдары бар. Бүгінгі күні 173 қоқыс үйіндісі жойылды. Аудан аумағынан тыс 121 қоқыс үйіндісі туралы «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-на хат жолданды.

Қоршаған ортаны қорғау бойынша жобаны жүзеге асыру аясында Қарағанды облысының «Табиғи ресурстарды пайдалану мен реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2024 жылы Бұқар-Жырау ауданында тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыруға арналған полигон құрылысы және сұрыптау желісін салу қарастырылған. Қазіргі таңда Бұқар-Жырау ауданының «Коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Ботақара кентінен 15 км қашықтықта орналасқан Петровка ауылындағы ТҚҚ полигонының аумағына қосымша 40 гектар жер телімін рәсімдеді. Полигонға апаратын жол құрылысы үшін жер учаскесін рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Аталған полигон Ботақара кенті, Петровка ауылы, Ботақара ауылы, Сарытөбе, Байқадам, Жаңақала және Жастлек ауылдарын қамтиды. 2024 жылғы 22 ақпандағы №31 келісімшарт бойынша «Тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының құрылысы» жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін «Волна» ЖШС мердігерлік ұйымымен 6 792,2 мың теңге сомасына келісім жасалды. Қазіргі уақытта «Автомобиль жолы» бөлімі бойынша сараптаманың қорытындысы алынды, ал «Полигон құрылысы» бөлімі сараптамадан өту сатысында. Сараптама қорытындысын алу осы жылдың қараша айының соңына жоспарланған.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы