GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Мәслихат туралы
Қызметі
Құжаттар
Все материалы
29 сентября 2026
Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының қалған өкілеттік мерзіміне кеткендердің орнына аудандық сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы хабарламасы

Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының қалған өкілеттік мерзіміне кеткендердің орнына аудандық сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы хабарламасы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң)             10-бабына сәйкес Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихаты округтік сайлау комиссияларының мүшелерін шығып қалғандардың орнына, қалған өкілеттік мерзіміне сайлау туралы хабарлайды.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылар санына қарай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы айқындайды.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 14 қазанда дейін Бородулиха аудандық мәслихатына келесі құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері;

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері Бородулиха аудандық мәслихатының сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуға тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық Заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болуға тиіс емес.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Бородулиха аудандық мәслихатына қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және орындалған күні, Орындаушы туралы белгі, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау                                    2026 жылғы 14 қазанда дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден              18:00-ге дейін жүзеге асырылады, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.

 

Бородулиха аудандық мәслихаты

 

Урашева Сәуле Тұрсынқызы - Бородулиха аудандық мәслихатының төрағасы.

Мәслихаттың орналасқан жері: Бородулиха ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 69.

Жауапты тұлға - Щербакова Елена Викторовна, № 14 кабинет, телефон 87235122142,  87775784041, факс 87235122044, электрондық пошта мекенжайы: boromaslihat@mail.ru.

 

Бородулиха аудандық мәслихаты 7 округтік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлайды:

 

№

 

Сайлау комиссиясының нөмірі

Объектінің атауы

Сайлау учаскесінің орналасқан жерінің мекенжайы

комиссия мүшелерінің саны

шыққан комиссия мүшелерінің саны

Елді мекен

Көше

Үй

1

2

3

4

5

6

7

8

1

4

Абай облысы Бородулиха ауданы Бородулиха  ауылдық округі әкімінің аппараты ММ ғимараты

Бородулиха

Достык

152

1

1

2.

5

Абай облысы Бородулиха ауданы Бородулиха  ауылдық округі әкімінің аппараты ММ ғимараты

Бородулиха

Достык

152

1

1

3.

6

Абай облысы Бородулиха ауданы Новошульба ауылдық округі әкімінің аппараты ММ ғимараты

Новая Шульба

Комарова

30

2

2

4.

8

Абай облысы Бородулиха ауданы Жезкент кенттік округі әкімінің аппараты ММ ғимараты

 

Жезкент

Дружбы

1

3

3

5.

9.

Абай облысы Бородулиха ауданы Жезкент кенттік округі әкімінің аппараты ММ ғимараты

Жезкент

Дружбы

1

4

4

6.

10

Абай облысы Бородулиха ауданы Жезкент кенттік округі әкімінің аппараты ММ ғимараты

Жезкент

Дружбы

1

3

3

7.

12

Абай облысы Бородулиха ауданы Новопокровка  ауылдық округі әкімінің аппараты ММ ғимараты

Новопокровка

Тәуелсіздік

72

2

2

 

 

 

25 сентября 2026
Хабарландыру

VIIІ шақырылған Бородулиха аудандық мәслихат депутаттарының және аудан тұрғындары

НАЗАРЫНА!

                                                                 

            VIIІ шақырылған Бородулиха аудандық мәслихатының кезектен тыс LVIII сессиясы 2026 жылғы 29 қыркүйекте сағат 15:00-де онлайн режимінде өтеді. 

 

Сессияның ұсынылатын күн тәртібі:

 

  1. «Бородулиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 42-2-VIII «2026-2028 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Андреевка ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
  1. «Бородулиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 42-3-VIII «2026-2028 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
  1. «Бородулиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 42-6-VIII «2026-2028 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
  1. «Бородулиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 42-8-VIII «2026-2028 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Жерновка ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
  1. «Бородулиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 42-9-VIII «2026-2028 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Зубаир ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
  1. «Бородулиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 42-10-VIII «2026-2028 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Красный Яр ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
  1. «Бородулиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 42-12-VIII «2026-2028 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
  1. «Бородулиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 42-14-VIII «2026-2028 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Новошульба ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
  1. «Бородулиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 42-15-VIII «2026-2028 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Переменовка ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
  1. «Бородулиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 42-17-VIII «2026-2028 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Подборный ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
  1. «Бородулиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 42-18-VIII «2026-2028 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Степной ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

 

Бородулиха аудандық

мәслихат төрағасы                                                         С. Урашева

25 сентября 2026
Хабарландыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

VIII шақырылған Бородулиха аудандық мәслихат депутаттарының

және аудан тұрғындары

НАЗАРЫНА!

 

            VIII шақырылған Бородулиха аудандық мәслихатының кезектен тыс  LVІІ сессиясы 2026 жылғы 28 қыркүйекте сағат 15:00-де онлайн режимінде өтеді. 

 

Сессияның ұсынылатын күн тәртібі:

 

  1. Бородулиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 41-2-VIII «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

Бородулиха аудандық

мәслихат төрағасы                                                          С. Урашева

18 сентября 2026
Хабарландыру

 

VIIІ шақырылған Бородулиха аудандық мәслихат депутаттарының және аудан тұрғындары

НАЗАРЫНА!                                         

            VIIІ шақырылған Бородулиха аудандық мәслихатының кезектен тыс LV сессиясы 2026 жылғы 21 қыркүйекте сағат 11:00-де онлайн режимінде өтеді. 

 

Сессияның ұсынылатын күн тәртібі:

 

  1. «Бородулиха аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 13-13-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы».
  2. «Бородулиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 42-4-VIII «2026-2028 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
  1. «Бородулиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 42-5-VIII «2026-2028 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Бородулиха ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
  1. «Бородулиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 42-7-VIII «2026-2028 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Жезкент кенттік округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
  1. «Бородулиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 42-11-VIII «2026-2028 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Кұнарлы ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
  1. «Бородулиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 42-13-VIII «2026-2028 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Новопокровка ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
  1. «Бородулиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 42-16-VIII «2026-2028 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Петропавловка ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
  1. «Бородулиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 42-19-VIII «2026-2028 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Таврия ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

 

Бородулиха аудандық

мәслихат төрағасы                                                                           С. Урашева

15 сентября 2026
Хабарландыру

 

       

VIIІ шақырылған Бородулиха аудандық мәслихат депутаттарының және аудан тұрғындарының

НАЗАРЫНА

 

            VIIІ шақырылған Бородулиха аудандық мәслихатының кезекті LVІ сессиясы 2026 жылғы 25 қыркүйекте сағат 10:00-де аудан әкімдігінің кіші залында (Тәуелсіздік көшесі, 69) өтеді.

 

Сессияның ұсынылатын күн тәртібі:

 

1.      2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына тұрғын              үй-коммуналдық қызметтерді, жылумен жабдықтаушы ұйымдарды, тұрғын үй қорын және әлеуметтік-мәдени маңызы бар объектілерді даярлау қорытындылары туралы.

Баяндамашы: Нұрқасымов Әли Серікқазыұлы – «Абай облысы Бородулиха ауданының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы.

2.      Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді айналымға тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.

Баяндамашы: Мусин Жас-Ұлан Амангелдіұлы – «Абай облысы Бородулиха ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ басшы.

3. Халық пен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жұмыс туралы (құқықтық ағарту, ашықтық, кері байланыс).

Баяндамашы: Мұқатай Асхат Амантайұлы – «Абай облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» ММ басшысы.

Қосымша баяндамашы: Көксегенова Талшын Қанатқызы – «Абай облысы Бородулиха ауданының Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының м.а.

4. Агроөнеркәсіптік кешен, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның жұмысы туралы есеп.

Баяндамашы: Кудушев Айтуған Ғабдулгазизұлы - депутат, тұрақты комиссияның төрағасы.

 

Бородулиха аудандық

мәслихат төрағасы                                                             С. Урашева

 

 
31 августа 2026
БОРОДУЛИХА АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2026 жылғы 26 тамызда Бородулиха аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сауле Тұрсынқызы Урашеваның төрағалығымен Бородулиха аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында халықтың өмір сүру сапасына, мемлекеттік органдар мен ауданның әлеуметтік нысандарының қызметіне қатысты маңызды мәселелер қаралды.

Отырысқа Бородулиха ауданының әкімі Талғат Батырұлы Мұратов, аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі аппаратының басшысы, құқық қорғау органдары мен дербес бөлімдердің басшылары, ауылдық және кенттік округтердің әкімдері, аудан жұртшылығының өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселелердің бірі Бородулиха ауданының жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына арналды. Бұл мәселе бойынша Бородулиха ауданы әкімі аппаратының басшысы Асхат Амантайұлы Мұқатай баяндама жасады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына жүргізілген тексеру нәтижелері туралы Абай облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Маржан Берікқызы Мақсұтқан ақпарат берді.

Отырыста балалардың жазғы сауықтыруы мен демалысын ұйымдастыру мәселесіне де ерекше назар аударылды. Бородулиха ауданының білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Дәулет Моллахметұлы Тұрғұмаев жазғы лагерьлер мен мектеп жанындағы алаңдардың жұмысының қорытындылары, балалардың бос уақытын ұйымдастыру, сондай-ақ жазғы сауықтыру іс-шараларымен қамту туралы ақпарат ұсынды.

Сонымен қатар Бородулиха ауданы тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі мәселесі қаралды. «Бородулиха аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері Марат Ауесбекұлы Қосамбеков аудандық аурухананың қызметі және оның жұмыс тиімділігін арттыруға, тұрғындар үшін медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар туралы баяндады.

Күн тәртібінде ауылдық және кенттік округ әкімдерінің ардагерлер кеңестерімен, ақсақалдар кеңестерімен, жастар және әйелдер кеңестерімен, сондай-ақ басқа да қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылы мәселесі маңызды орын алды.

Бұл мәселе бойынша Переменов, Дмитриев, Жернов, Подборный және Степной ауылдық округтерінің әкімдері сөз сөйледі.

31 августа 2026
СОСТОЯЛАСЬ ВНЕОЧЕРЕДНАЯ LIV СЕССИЯ БОРОДУЛИХИНСКОГО РАЙОННОГО МАСЛИХАТА VIII СОЗЫВА

2026 жылғы 26 тамызда Бородулиха аудандық мәслихатының төрағасы Сауле Тұрсынқызы Урашева Бородулиха аудандық мәслихаты VIII шақырылымының кезектен тыс LIV сессиясының отырысын онлайн режимде өткізді.

Сессия отырысының күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралды:

  • «Абай облысы Бородулиха ауданы бойынша 2026–2030 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарын бекіту туралы»;
  • «Абай облысы Бородулиха ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы»;
  • «Бородулиха аудандық мәслихатының 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 20-2-VII «Абай облысы Бородулиха ауданының «Мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту және Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы».

Қаралған барлық мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.

31 августа 2026
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» — АУДАНЫМЫЗДЫ БІРГЕ ТАЗА ӘРІ КӨРКЕМ ЕТЕЙІК!

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 2026 жылғы 14 тамызда Бородулиха аудандық мәслихатының төрағасы Сауле Тұрсынқызы Урашева және аудандық мәслихат аппаратының ұжымы Подборный ауылдық округінде өткен аудандық сенбілікке белсенді қатысты.

Өткізіліп жатқан сенбіліктер өз нәтижесін беруде. Тұрғындардың белсенділігі, жауапкершілігі мен патриоттық ұстанымының арқасында әрбір ауыл көркейіп, таза әрі жайлы бола түсуде.

Осы қарқыннан таймайық, бородулихалықтар! Ауданымызды бірге таза, көрікті әрі жайлы мекенге айналдырайық!

21 августа 2026
Объявление
  1. VIII шақырылған Бородулиха аудандық мәслихат депутаттарының

    және аудан тұрғындары

    НАЗАРЫНА!

     

                VIII шақырылған Бородулиха аудандық мәслихатының кезектен тыс LІV сессиясы 2026 жылғы 26 тамызда сағат 15:00-де онлайн режимінде өтеді. 

     

    Сессияның ұсынылатын күн тәртібі:

     

    1. Абай облысы Бородулиха ауданының ауылдық округтері бөлінісінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы.

    2.Абай облысы Бородулиха ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін  сайлау туралы.

     

     

    Бородулиха аудандық

    мәслихат төрағасы                                                                      С. Урашева

28 июля 2026
Заседание внеочередной LIII сессии Бородулихинского районного маслихата VIII созыва
2026 жылғы 28 шілдеде Бородулиха аудандық мәслихатының төрағасы Урашева Сәуле Тұрсынқызы VIII шақырылымдағы Бородулиха аудандық мәслихатының кезектен тыс LIII сессиясын онлайн түрде өткізді.
Күн тәртібіне сәйкес сессия барысында келесі мәселелер қаралды: «Бородулиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 41-2-VIII «2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Абай облысы Бородулиха ауданының учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерін міндеттерінен босату туралы».
Қаралған барлық мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы